Жылыту маусымы қалай өтуде және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатыр — ҚР ТЖМ

Онлайн-брифингте ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жылыту кезеңінің өтуі және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

Ю. Ильин атап өткендей, Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес күтілетін қысқы кезең өткен жылмен салыстырылады, яғни жауын-шашын көп болады, салыстырмалы түрде жылы қысқы кезең болмақ, жақын арада (қаңтар-ақпан айлары) ауа райы жағдайларының күшеюін төменгі бұрқасын, боран және тиісінше жолдардағы ықтимал кептелістер туындатуы мүмкін.

Жалпы 2020-2021 жылғы қысқы кезең бірқатар ірі төтенше жағдайлармен белгіленді. ҚР-да тіркелетін төтенше жағдайлардың басым бөлігі — адамдардың жарақаттануы мен қаза болуының топтық жағдайлары бар өрттер.

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біз өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аздап өсуін байқап отырмыз», — деді Ю. Ильин.

Негізгі себептер — көбіне тұрғын үй секторында газ-баллон және пеш жабдықтарын дұрыс пайдаланбау.

Министрдің айтуынша, жылыту маусымына дайындық кезеңі алдын ала басталған. Тамыздан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары, соның ішінде зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар тұратын жеке сектордың 118 мыңнан астам жеке меншік үй-жайлары есепке алынды.

Аталған сектор бойынша бірнеше рет рейдтік іс-шаралар өткізілді. Кейбір тұрғындар жадынамалар мен нұсқаулықтарды тапсырғаннан кейін анықталған кемшіліктерді жою бойынша дербес шаралар қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар улы, табиғи газ, түтіннен болатын түрлі мақсаттағы датчиктерді орнату бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізіп жатыр. Өткен жылды есепке алғанда жалпы саны 120 мыңнан астам датчикті құрайды. Датчиктерді орнатудың өзіндік оң әсері бар.

«Көптеген өңірлерде осы датчиктердің іске қосылуы аталған үй иеліктерінде тұратын тұрғындардың дер кезінде әрекет етуіне алып келді, бұл тиісінше қайғылы салдарға әкеп соқтырмады», — деді Ю. Ильин.

Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша айлық шаралар бүкіл қысқы кезең бойы жалғасатын болады.

«Азаматтар қайғылы салдардың алдын алу үшін өз үйлерін тиісті жағдайға келтіру бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің берген ескертулері мен ұсыныстарына назар аударса екен дейміз», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ қысқы кезеңдегі әрекет қағидаларына ұсынымдар мен жадынамаларды тапсыру үшін бүкіл тұрғын үй секторын жаппай аралау шаралары жүргізілуде. Жалпы алғанда, рейдтік іс-шаралар жеке секторда тұратын 2 миллионнан астам азаматты қамти отырып, нұсқаулармен 1,2 миллионнан астам үйде өткізілді.

 

Газ баллон жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Нұр-Сұлтан қаласында 21 қарашада кафеде төтенше жағдай орын алды. Жарылыс салдарынан көптеген зардап шеккендер болды, екі адам қайтыс болды. Ю. Ильин атап өткендей, бір ғана кафеден ҚР ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері тамақ дайындауға арналған 35 баллонды шығарды. Бұл қолданыстағы субъектілердің иелері өздері жасаған бұзушылық және бұл осындай қайғылы салдарға әкеледі. Бүгінде Үкімет отырысы өткізілді, онда жергілікті атқарушы органдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін тамақ дайындау орындары және тұрғын үй секторында тұратын халықты қамту бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру туралы ұсынымдар берілді.

«Азаматтарға ескертсек те, мұндай оқиға шамамен бір аптадан кейін Талдықорған қаласында орын алды, онда үй иесі аяздан жылы бөлмеге 5 литрлік газ баллонын кіргізген, соның салдарынан жарылыс болды. Үй иесі қайтыс болды, оның ұлы және қонақтар зардап шекті. Үй жарамсыз болып қалды. Біздің азаматтар газ баллон жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларына назар аударуы қажет», — деді министр.

Жергілікті атқарушы органдар барлық осы объектілер бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Бірақ, Ю. Ильин атап өткендей, бұл, ең алдымен, азаматтарымыздың өз үйлерінің жай-күйі мен өз туыстары мен жақындарының денсаулығына қамқорлық жасаудағы жауапты міндеті. 

Мұндай қайғылы жағдайларды болдырмау үшін азаматтар қарапайым ережелерді сақтауы керек:

Біріншіден, кем дегенде үш айда бір рет мұржаларды уақытылы тазалау қажет;

Екіншіден, өлшемі кемінде 50-ден 70 см-ге дейінгі металл бұйымнан жасалған табақтың міндетті құрылғысы;

Үшіншіден, жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбау және жылыту құрылғыларын жаппау керек;

Төртіншіден, пеш пен ашық оттың жанында газ баллондарын сақтауға жол бермеу. Ұйықтар алдында және үйден кетер алдында газ жабдығының вентильдерін тексеру керек.

Бесіншіден, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау.

Брифинг барысында журналистер министрге ҚР ТЖМ қоғамдық тамақтану орындары мен теміржол пойыздарында газ баллондарын пайдалануға кезең-кезеңімен тыйым сала ала ма деген сұрақ қойды.

Ю. Ильин өз жауабында ТЖМ бөлімшелері жоғары қауіпі бар объектілерде ғана тексерістерді бақылап, жүзеге асыратынын атап өтті. Бұл — өнеркәсіптік кәсіпорындар, адамдар көп жиналатын объектілер. Кафе мен мейрамхана бизнесі ҚР ТЖМ юрисдикциясына кірмейді. Үкіметтің тиісті қаулысы бар, ол жергілікті атқарушы органдарды газ-баллон жабдықтарын пайдалану бойынша кафелер мен мейрамханалардағы жағдайға мониторинг жүргізуге тиіс газды-техникалық инспекцияны құруға міндеттейді.

«Бұл да бизнеспен айналысатын азаматтарымыз екеніне назар аударғым келеді. Газ баллон жабдығын дұрыс пайдалану үшін мемлекеттің ғана емес, ең алдымен азаматтардың да, кәсіпкерлердің де кафеге келетін адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі болуы тиіс», — деді төтенше жағдайлар министрі.

 

Су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелері

Республиканың су айдындарында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ШҚО Зайсан көлінде құтқарушылар жоғалған екі балықшыны іздеу бойынша сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Осы жылдың 8 желтоқсанында Қызылорда облысының Қамбаш көлінде балық аулау кезінде 7 азаматпен бірге УАЗ автокөлігі (таблетка) мұз астына түсіп, салдарынан төрт адам суға батып кетті.

Министрліктің бөлімшелері еліміздің су айдындарында профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Осыған байланысты азаматтарға су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы ескертемін:

  • мұздың жұқа және қатпаған учаскелеріне шықпау;
  • сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және көзге нашар көрінетін кезде бармау;
  • мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындамау;
  • балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау және балаларға мұзда ойнауға тыйым салу.

 

Жүргізушілер ауа райына байланысты ескертуді назардан тыс қалдырмауы тиіс

Қыс кезінде жолдарды қар басып, көктайғақ болады, қар көшкінмен болуы мүмкін.

Ю. Ильин автокөлік құралдарының жүргізушілерінен ауа райының өзгеруі туралы ескертулерге назар аударуын сұрады.

Қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін ауа райы жағдайларына байланысты (көктайғақ және қар құрсауы) машиналардың 14 жиналу жағдайы тіркелді.

Автокөлік техникалық тұрғыдан жыл маусымына сәйкес келуі керек. Машиналарды дәнекерлеу шамдарымен қыздыруға жол беруге болмайды, сондай-ақ жолдарды қар басып қалған жағдайда жүргізушінің құралдары (күрек, сынық) болуы тиіс.

 

Мереке күндері қауіпсіздік туралы ұмытуға болмайды

Алда мереке және демалыс күндері, әрине, бұл күндері төтенше жағдайлардың саны арады.

Ю. Ильин пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз қолдану туралы еске салды. Оларды пайдалануға тыйым салынады:

  • үй-жайлар мен ғимараттарда, атап айтқанда шатырларда, балкондарда және лоджияларда;
  • жарылыс қаупі бар және өрт қаупі бар объектілердің аумақтарында, электр тарату желілерінің жанында;
  • концерттік және салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде сахна алаңдарында;
  • жарамдылық мерзімі өткен, бүліну іздері бар, пайдалану жөніндегі нұсқаулықсыз және сәйкестік сертификатынсыз бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

«Жалпы, төтенше жағдайлар бөлімшелері қыс мезгілінде шұғыл әрекет етуге дайын. Біздің азаматтарымыз ертең басталатын мерекелік іс-шаралар мен жаңа жылдық мерекелерді отбасыларымен, мүмкіндігінше төтенше жағдайлардың аз болып өткізеді деп сенемін», — деп түйіндеді министр. 

 

Тұрғындарға ТЖ туралы қалай хабарланады?

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Юрий Ильин елде ТЖ туындаған жағдайда тұрғындарды хабардар ету тәсілдері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстанда төтенше жағдайларды хабарлаудың мемлекеттік жүйесі бар. Бұл елде бар байланыс және ескерту құралдарының барлық түрлерін қолдануды қамтиды. Ең алдымен, әрбір облыстық және аудандық орталықтарда орналасқан электр дабылдары іске қосылады. Аумағы 100% қамтылған аймақтар бар, осы бойынша жұмыс атқарып жатқан аймақтар бар. Алдағы 3 жылда Қазақстанның ааймақтары дауыстап хабарлау құралдарымен толығымен қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, халыққа барлық қолда бар теледидар, радиоарналар бойынша және смс-хабарламалар жіберу арқылы хабар беру үшін радио-, телебайланысты пайдалану.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың барлық түрлері туралы уақтылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін Darmen қосымшасы бар. Бүгінгі күні қосымшада 200 мыңнан астам адам тіркелген.

Егер төтенше жағдай орын алса, төтенше жағдай аймағында Төтенше жағдайлар министрлігінің де, Ішкі істер министрлігінің де бөлімшелері жұмыс істейді. Жылжымалы көлік құралдарында болатын дауыс зорайтқыш құрылғылар қосылып, халықты қандай да бір төтенше жағдай туралы хабардар етеді.

 

Пешпен жылытуды қауіпсізді ережелерін бұзып пайдаланатын үй иелеріне қатысты қандай шара қолданылады?

Жекеменшік секторда өрттің туындауының алдын алу үшін қазіргі уақытта тек рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Халыққа қауіптер туралы айтылады және адамдарға пеш жабдықтарының бар кемшіліктері көрсетіледі.

«Конституция біздің азаматтарымыздың тұрғын үйіне қол сұғылмаушылықты білдіретіндігіне сәйкес біз қандай да бір әкімшілік шаралар қабылдай алмаймыз. Бірақ біз азаматтарға берген ұсыныстар кемшіліктерді жояды, бұл оларға қауіпсіз жағдайда өмір сүруге мүмкіндік береді. Бүгінде бізде әкімдіктер есебінен 120 мыңнан астам датчиктер орнатылған. Бұл мәселені мүлтіксіз шешпейді, бірақ болашақта кейбір үй иеліктеріндегі аз қамтылған жандар мен зейнеткерлер үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Себебі қазір электр сымдарының ақауынан қайғылы салдарға әкеліп соқтырып жатқан өрт оқиғасы көп», — деді Ю. Ильин.

 

Қазақстанда өрт оқиғаларының саны артты

Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда өрт санының біршама өскенін атап өтті. Және олар негізінен жекеменшік секторда орын алған.

«Өткен жылмен салыстырғанда, бізде өрт саны бойынша шамалы өсім бар. Қаза тапқандар бойынша өсім 2% және улы газдан зардап шеккендер саны азайды. Тек өткен аптада бізде 293 өрт болды. Онда 19 адам қайтыс болды, ауруханаға жатқызу кезінде 47 адамға көмек көрсетілді», — деді Юрий Ильин.

Статистика бойынша, Қазақстанда жыл сайын 15 мыңнан астам өрт орын алады, оның 65-67%-ы жекеменшік тұрғын үй секторында тіркеледі.

 

Жоғалған адамды құтқару операциясы туралы

ТЖМ басшысы Юрий Ильин онлайн-брифингте Алматы тауында жоғалып кеткен 35 жастағы Ерман Байменовты құтқару операциясы туралы егжей-тегжейлі айтып берді — құтқарушылар аяғы қатты үсіген ауыр жағдайдағы ер адамды тапты.

Ю. Ильин қаза тапқан қазақстандықтың туыстарына көңіл айтты.

«БАҚ-та және блогерлердің посттарында оны көргені және құтқармағаны туралы жағымсыз ақпаратқа қатысты мынаны айтқым келеді — республикалық жедел құтқару жасағы мен Алматы әкімдігінің құтқару қызметінің жедел тобы күндіз де, түнде де іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Геолокация бойынша адам соңғы рет табылды — содан кейін ол ұялы телефонның геолокация орнынан бір шақырым жерден табылды. Біздің құтқарушыларымыздың дыбыстарды, айқайларды естігені немесе естімегені, оның оларды естіген-естімегені туралы растайтын факті жоқ», — деді ТЖМ басшысы. 

Ол Байменовтың ауыр жағдайда табылғанын, аяқ-қолдарын қатты үсік шалғанын хабарлады.

«Адам мүмкіндігінше тез медициналық мекемеге жеткізіле бастады. Неге авиатехника қолданылмады? Іздеу жұмыстарының 2 күні ішінде біз бірнеше рет тікұшақтарды ұшыруға тырыстық - Қазгидромет бізге хабарлайтын метеожағдайларды ескердік, ал біз авиациялық қауіпсіздік қағидаларына бағынамыз, "ҚазАэроНавигация" құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы әуежайынан "Қазавиақұтқару" бөлімшесіне ұшуға рұқсат берген жоқ. Іздеу ауданында аспан жартылай бұлтты болды, бірақ тікұшақтардың ұшуы Азаматтық авиация комитеті бөлімшелерінің рұқсаты бойынша Алматыдан Алматыға дейін жүзеге асырылады, бұл кезде бұлттылық, мұздану және тұман төмен болды», — деді Юрий Ильин. 

Ол Байменовтың сағат 15:00 шамасында табылғанын хабарлады. Құтқарушылар оны жылытуға арналған арнайы зембілге салып, жылы киіммен қамтамасыз етті — ер адамды 1 шақырымнан астам асуға қолдарымен көтеріп алып жүрді, оны күрделі рельефі бар жермен қиын метеожағдайларда тағы 3 шақырым алып жүрді.

«Өкінішке орай, құтқарушылар апаттар медицинасы орталығы бригадасының кезекшілік орнына жеткен кезде дәрігерлер оның өлгенін нақтылады», — деп түсіндірді Ю.Ильин.

Таудағы демалыс әуесқойларынан ол өз маршрутын алдын ала құруды және құтқарушылар тауға кім шығатынын және қандай маршрут бойынша екенін білуі үшін оны міндетті түрде ТЖ бөлімшелерінде тіркеуді сұрады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу