Роман Скляр ГФР Сыртқы істер статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ГФР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа бойынша статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың әлеуеті мен ағымдағы жағдайы туралы талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Германия арасындағы диалогті нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері де қарастырылды.

«Орталық Азия – Германия» форматы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындық құпталды.

Германия дипломаты жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

#Роман Скляр #Сауда-экономикалық ынтымақтастық #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу