08 Сәуір 2026, 16:00

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикпен және Корея Республикасының сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, сондай-ақ энергетика және өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, соның ішінде кореялық компаниялардың мұнай-газ жобаларына, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне, сондай-ақ ядролық энергетиканы дамытуға қатысуы талқыланды.
Тараптар Үкіметаралық комиссияның келесі отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара міндеттеме расталды.


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу