Роман Скляр Аньхуэй провинциясының губернаторымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Аньхуэй провинциясы (ҚХР) Халық үкіметінің төрағасы Ван Цинсяньмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен провинция арасында түрлі салалардағы өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселесін талқылады, сондай-ақ оның одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Атап айтқанда, Роман Скляр қазақстандық тараптың Аньхуэй провинциясымен сауда-экономикалық, индустриялдық-инвестициялық, көлік-логистикалық салаларда тығыз кооперацияны дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, қытайлық әріптестерді Қазақстанның өндірістік, инвестициялық және сауда-саттықтағы кең мүмкіндіктерін белсенді түрде зерттеуге, ҚР-ның іскер топтарымен өзара тиімді байланыс орнатуға шақырды.

Өз тарапынан Ван Цинсянь ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары көтерген мәселелердің маңызын атап өтіп, провинцияның Халық үкіметі оларды белсенді түрде пысықтауға дайын екенін білдірді. Халық үкіметінің төрағасы өңірдің жетекші компанияларының қазақстандық кәсіпорындармен табысты ынтымақтастығына ерекше назар аударды, сондай-ақ Қазақстан өңірлерімен тығыз байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша байланысты қолдауға келісті.

#Роман Скляр #Инвестициялар #Логистика #Сауда-экономикалық ынтымақтастық #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу