Роман Скляр ИКАО өңірлік директоры Николя Ралломен кездесті

2023 жылғы 16-20 қазан аралығында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің шақыруымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло елімізге ресми сапарымен келді.

Сапар аясында Н. Ралло ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ҚР мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директорының еліміздің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті.

Осылайша, ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артып отыр. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13%-ға жоғары. Сонымен қатар Қазақстанның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалатынына назар аударылды. Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтып жеткізді.

Сонымен бірге кездесу шеңберінде Қазақстанда азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту мақсатында Ұшу қауіпсіздігінің ұлттық жоспарын әзірлеу және бекіту, авиация саласына арналған персоналды оқыту, авиациялық оқиғаларды тергеу жүйесін нығайту маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі бастамалар одан әрі жалғасатынын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап талқыланған мәселелер бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

#Роман Скляр #Азаматтық авиация

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу