19 Қыркүйек 2023, 17:30
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр губернатор Сюй Куньлинь бастаған ҚХР Цзянсу провинциясы Үкіметінің делегациясымен кездесу өткізді. Кездесуге Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо да қатысты.
Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ кездесуде мәдени-гуманитарлық және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.
Делегация өкілдерін қарсы алған Р.оман Скляр Қазақстан ҚХР-мен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Өз кезегінде губернатор екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуындағы жоғары серпінді атап өтті, сондай-ақ көлік-логистика, өнеркәсіп, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.
#Халықаралық ынтымақтастық #Роман СклярҚазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу