Роман Скляр мен Фолькер Трайер Қазақстан мен Германия арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Германия Сауда-өнеркәсіп палатасының Сыртқы сауда бөлімінің басшысы Фолькер Трайердің кездесуі барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. 

Кездесуде тараптар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен тереңдетудің перспективалық бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады.

Роман Скляр Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ол Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең маңызды серіктестерінің бірі деп атап, энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика сияқты басым салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытты.

Өз кезегінде Фолькер Трайер Қазақстан Германия үшін Орталық Азиядағы басты серіктес екенін атап өтті. Германия статистикасына сәйкес, елдер арасындағы сауда 2022 жылы 90,2% артып, жалпы сомасы €9,7 млрд-қа жетті. Қазақстанның Германияға экспорты да 86,5% өсіп, €6,9 млрд құрады. 

Фолькер Трайер елдердің экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.  

Сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігімен Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты. 

Форум аясында іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту мен кеңейту және екіжақты сауданы ілгерілету перспективалары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы нақты бірлескен жобалар талқыланды. 

Форумға Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен жеке бизнес өкілдері, сондай-ақ Германия экономикасының 40-тан астам жетекші өкілдері қатысты.

#Роман Скляр #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу