Роман Скляр ГФР-дың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннермен кездесті

Елшімен кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері, неміс инвесторларымен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобының қызметі, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Осылайша, Тило Клиннермен әңгімелесу барысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бүгінде Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі екендігін, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқандығын атап өтті.

Қазақстандық тарап екі елдің инвестициялық өзара қарым–қатынастарын нығайту мақсатында жаңа технологиялар мен инновациялар саласында танылған көшбасшы неміс компанияларын цифрлық технологияларды қолдана отырып құрылатын жаңа өндірістерді дамытуға тарту, сондай-ақ Индустрия 4.0 элементтерін енгізу басымдыққа ие бағыттар екенін атап өтті. Бұл ретте неміс кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту жөнінде барлық күш-жігерін салуға келісті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу