Роман Скляр Степногорск қаласында жылу беру маусымының басталуымен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Степногорск ЖЭО-да болды.

Жылумен жабдықтау объектісі қаланың және Заводской кентінің секторын, сондай-ақ елді мекен аумағындағы кәсіпорындарды қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Степногорск қаласында жылумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін іс-шаралар жоспары бекітілді. Жылу беру маусымына дайындыққа алғаш рет шамамен 5 млрд теңге бөлінді, оның 2 млрд теңгесі Үкімет резервінен жіберілді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына қаланың жылу магистралінде жөндеу жұмыстарының аяқталуы және жылу беру маусымының басталуы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда магистральдық және тарату жылу желілеріне жоспарлы дайындық жұмыстары, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ЖЭО-да жеті турбогенератор жөнделді, төрт қазандық агрегатына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жылу трассасының 14 км тозған учаскелері ауыстырылды. Қала әкімі Алпысбай Қайыржанов қараша айының соңында жылу трассасын одан әрі жөндеуге ЖСҚ дайындалатынын хабарлады.

Роман Скляр Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Өз кезегінде облыс әкімі Марат Ахметжанов жылумен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Жалпы, облыс әкімдігі 2023-2024 жж. жылу беру маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады.

#Роман Скляр #ЖЭО #Жылу беру маусымы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу