Роман Скляр Француз Республикасы мен Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесті

Екі ел дипломатиялық миссияларының өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ дипломатиялық қатынастарды нығайту перспективалары талқыланды.

Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен сұхбат барысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, бүгінгі күнде Франция Қазақстаннның негізгі 5 сауда-саттық серіктестерінің біріне кіретінін және еліміздің экономикасына негізгі инвесторлардың бірі болып табылатынын, сондай-ақ тауар айналымның өсуінің оң қарқынын атап өтті. Соңғы 14 жылда Франциядан Қазақстанға келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15 млрд. АҚШ долларынан асты.

Бұдан өзге, ағымдағы жылғы желтоқсанда Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары жоспарланған. Өз кезегінде біздің ел оған үлкен назар аударуда, сондықтан 8 қазанда Парижде Қазақстан-Француз бизнес-форумының өткізілуі Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовпен ресми кездесу барысында бұрыннан келе жатқан екіжақты қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері, ЕАЭК шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, сондай-ақ 2019 жылғы 8-9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 15-ші отырысының өткізілуіне дайындық мәселелері талқыланды. Үкіметаралық комиссия шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы өнеркәсіптік кооперация және техниканы жеткізу, мәдени-гуманитарлық салаларындағы маңызды мәселелер, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен оны кеңейту перспективалары және басқа сұрақтар көтеріліп қаралатын болады.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар тату көршілік қатынастарды дамытудың оң векторын одан әрі сақтап қалып, олардың нығаюына бар күш-жігерлерін салуға уағдаласты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу