Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 0,8%-ды құрады - ҚР ҰЭМ

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 100,8% құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4664 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,5% артық.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 10329,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,7% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9% төмендеді.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1866,4 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,1% артты.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,7%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,9%-ды құрды.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 4415,8 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,4% өсті.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 11150,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 100%.

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 208 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,5% өсті.

2015 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 52849,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-тамызбен салыстырғанда 35,3% төмендеді, оның ішінде экспорт – 32012,9 млн. АҚШ долларын (41,8% аз), импорт – 20836,9 млн. АҚШ долларын құрады (21,8% аз).

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 356900 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 347842 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 217429-ны құрады, оның ішінде 208701 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы қыркүйекте 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1,5%, азық-түлік емес тауарларына – 3,4%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 4% өсті. 

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы қыркүйекте 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 13,5% төмендеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу