ҚР-дағы өнеркәсіп өндірісінің өсуі 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 0,1% құрады - Статистика агенттігі
Қазақстанда биылғы жылдың қаңтар-ақпанында өнеркәсіптік өндірістің өсуі 0,1% деңгейінде белгіленді, деп хабарлады Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
«Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,1% құрады», - деп атап өтілген хабарламада.
Осылайша, ведомствоның мәліметінше, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығарудың өсімі биылғы жылдың ақпан айында 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау секторында өндіріс 1,2%-ға өсті.
Бұдан өзге, 2014 жылдың қаңтар-ақпанында 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда табиғи газ және түсті металдар кен орындарының өндірісі артты. Сонымен қатар, көрсетілген мерзімде жалпақ прокат өндірісі өткен жылға қатынас бойынша 25,4%-ға, ферроқортыпа - 6,8%-ға, ұн - 5,2%-ға, электр энергиясы - 1,4%-ға өсті.
Бұдан өзге, азық-түлік, машина жасау және құрылыс материалдары өнімдерін өндіру артты.
Жалпы алғанда, өнеркәсіп көлемдерінің өсуі республиканың 8 өңірінде байқалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз