2015 жылдан бастап Қазақстанда үлгі су-құтқару станцияларының құрылысы басталады - ҚР ТЖМ

Қазақстанда 2015 жылы үлгі су-құтқару станциларының құрылысы басталады, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.

«2015 жылдан бастап үлгі жобалары бойынша су-құтқару станцияларының құрылысы жоспарланған, олар Шучинск-Бурабай курорт аймағында, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында, Маңғыстау облысында орналасады»,- деді А.Советов.

Сонымен қатар, ол ТЖ министрлігі Құрылыс және тұрмыстық шаруашылық комитетімен бірге су-құтқару қызметтерінің 1-ші, 2-ші және 3-ші разрядтарының су-құтқару станцияларының үлгі жобалары әзірленгенін айтып кетті.

Оған қоса, үлгі жобаларында жедел кезекшілік атқаруға, станция маңындағы су акваториясын бақылауға, жүзу құралдарын сақтауға арналған қажетті ғимараттар, арнайы авто- және құтқару техникасы қарасатырылғанын айтты.

«Заманауи талаптарға сәйкес су-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамына арналған барлық жағдайлар жасалады», - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары.

Айта кету керек, республиканың қажеттіліктері үшін 41 су-құтқару станциясын салу қажет. Өз кезегінде су-құтқару қызметінің басқару аппараты орналасатын орталық су-құтқару станциясының құрылысы 2017 жыла жоспарланған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу