Қыстың басынан бастап құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адамды құтқарды - ҚР ТЖМ

2012-2013 жылдың қысқы мерзімінің басынан бастап, құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адамды және 3 мың техника бірлігін құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министр Валерий Петров.

«Қысқы мерзімнің басынан бастап құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адам және 3 мың техника бірлігі құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді... 2013 жылдың 7-ші 10-шы наурыз аралығының өзінде ТЖМ аумақтық органдарының кезекші-диспетчерлік қызмет телефондарына қар құрсауына түсіп, көмек сұрап хабарласқан азаматтардан 80 мыңнан астам қоңырау келіп түсті», - деді В.Петров.
 
Осыған байланысты құтқару бөлімшелері іздеу-құтқару жұмыстарына 152 көлік жөнелтті, оған қоса 3316 азамат құтқарылып, эвакуацияланды, олардың 56-сы бала, 1415 техника бірлігі, оның ішінде 31 автобус. 

ТЖМ мәліметі бойынша қар құрсауында қалған автомобиль техникасының бәрі сүйретіп апарылды, ал құтқарылған азаматтар жылыну пункттеріне жеткізілді, ол жерде ыстық тағам ұйымдастырылды, ал ауа райы жақсарған соң жол полициясының сүйемелдеуімен олар белгіленген пункттерге жеткізілді. Қар құрсауында қалуына байланысты адам өліміне қатысты сәтсіз оқиғалар орын алған жоқ. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу