Бүгін ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен селекторлық режимде Үкімет отырысы өтеді

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов селекторлық режимде ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізеді.

Күн тәртібінде 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық жоспарды бекіту туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралады.

Сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банктің 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын талқылап, қабылдау жоспарланған.

Бұдан өзге, Жұмыспен қамтудың жол картасын 2020 өзектендіру және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мәселелері қаралады.

8 желтоқсан, сағ.11.00-де Primeminister.kz сайтында Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымы басталады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу