Алматы маңындағы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріледі

Алматы маңындағы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріледі, оның 3 млн теңгесін «СКАТ» ӘК АҚ, 1 млн теңгесін әкімдіктер төлейді.

Кеше,  29 қаңтар күні күндізгі сағат 13-тер шамасында  Алматы қаласы әуежайы маңында «СКАТ» әуе компаниясының  №760 «Көкшетау-Алматы»  бағыты  бойынша ұшқан  СRJ-200 жолаушылар ұшағы құлады.

Ұшақ бортындағы  арасында 1 бала бар  16 жолаушы  және экипаждың  5 мүшесі – барлығы 21 адам түгелдей қаза тапты.

Ұшақ Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Ту кентінің маңында, әуежайдың шығыс жағында құлаған.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақ тапқандардың туыс-туғандандарына көңіл айтты.

ҚР Үкіметі Алматы әуежайы маңында СRJ-200 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан болған топ адамның өліміне әкеп соққан оқиғаның себебін анықтау үшін комиссия құрды.

Комиссияны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Б. Сағынтаев басқарады. Комиссия құрамына көлік және коммуникация, төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас көлік прокуратурасының өкілдері, «СКАТ» ӘК АҚ президенті.

Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 295 бабының 3 тармағы (2 немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі мен пайдалану тәртібін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Bombardier CRJ-200 құлаған жерде бірден  Алматы қаласы әуежайының құтқарушылар жасағы, өрт сөндірушілер, құтқару және дәрігерлік бөлімшелер, ҚР ТЖМ шұғыл психологиялық көмек тобы  бар 1107 адам мен 173 бірлік техника  жұмысқа кірісті.

2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 21-00-де Алматы әуежайына келген Үкіметтік комиссия мүшелері оқиға орнына келіп, тексеру жұмыстарын бастады. Бақытжан Сағынтаев басқарған комиссия оқиға орнындағы барлық құрылымдар мен қызметтердің қатысуымен жедел жиын.Министрліктердің басшылары  атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Бүгін, 30 қаңтар күні сағат 10:00-де Алматы әуежайында Үкіметтік комиссияның кезекті жиыны өтті.

ҚР ДСМ «Сот медицинасы орталығы» сарапшыларынан тұратын жедел топ 29-нан30-на қараған түні қаза тапқандардың денесіне сараптама жүргізді. Қазір өлім себептері анықталып, барлық мәйіттер туыстарының тануына және оларға беруге дайындалды.

Борттағы жазбалар мәскеудегі Үкіметаралық авиациялық комитетке сараптамаға жіберілді.

«Жедел желі» телефондары:

Астана қаласында, Республикалық дағдарыс орталығы-  323289, 533279, 255121, 256180

Алматы қаласында, ТЖД  – 8 (7272) 742219.

Көкшетау қаласында, Ақмола облыстық ТЖД - 8 (7162) 255030,255121, 256180.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу