Серік Ахметов ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұжымына жаңа басшы Т.Есентаевты таныстырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Тастанбек Есентаевты таныстырды.
ҚР Премьер-Министрі атқарған жұмысы үшін ведомствоның бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапановқа алғыс айтты.
«Жаңа төраға мол еңбек өтілі бар спортшы және жаттықтырушы, ол Туризм және спорт министрлігінің Спорт жөніндегі комитетін басқарды, Спорт істері жөніндегі агенттікте жауапты лауазымдарда қызмет еткен», - деді С.Ахметов.
«Үкімет сізге Сочиде өтетін қысқы Олимпиада қарсаңында аса жауапты жұмыс бөлігін тапсырып отыр. Бұл оқиғаға дейін аз уақыт қалды. Артқан сенімді ақтайсыз деген ойдамын», - деп толықтырды С.Ахметов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз