04 Қазан 2012, 18:00
«Менің ойымша, Қазақстанда ортақ өндірістер құра отырып, экономикалық әріптестік аясын кеңейту қажет және транзит мүмкіндіктерін дамыта келе, финдік заманауи технологияларды енгізу керек», - деді С.Ахметов.
«Біз фин бизнесінің энергетика, машина жасау, инновация және трансферт саласындағы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бағытталған және ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялық, экспортқа арналған өндірістік ірі жобаларға қатысуын қолдаймыз», - деді Үкімет басшысы.
Ал А. Стубб өз кезегінде Финляндия Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін өткізуге берген өтінішін қолдайтындығын жеткізді. «Астана - заманауи әрі жедел дамушы қала. Ал Қазақстанның экономикасы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан үш экономиканың бірі және адам сенгісіз жетістіктерге жетті», - деді ол.
Айта кету керек, А. Стубб бұл сапарында 55 финдік компанияның өкілдерінен құралған үлкен делегацияны бастап келді. Кездесулер барысында сауда-экономикалық салада маңызды келіссөздерге қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу