Серік Егізбаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Егізбаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

Егізбаев Серік Рахметоллаұлы 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде қызметте болған.

2007 жылдан бастап қазіргі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Негізгі мамандығы «агроном».

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу