Серік Жұманғарин Астанада «Қазпошта»-ның ірі логистикалық орталығын ашты

Астанада ашылған «Қазпошта» АҚ жаңа логистикалық орталығы – Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық орталық. 

Аумағы 10 мың м² көпфункционалды кешен электронды коммерция тауарларын қабылдау, өңдеу, сұрыптау, сақтау және жеткізуге арналған. Ол интернет-дүкендер үшін логистикалық қызметтердің кең спектрін ұсынады және жылына алты миллионнан астам сәлемдемені өңдеуге қабілетті. Оның елордалық сауда-логистикалық кластерде орналасуы республикалық трассаға ыңғайлы қолжетімділікті, сондай-ақ қажет болған жағдайда фулфилмент орталығының алаңын 12 мың м² дейін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Орталықтың ашылуында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, бүгінде Қазақстан аумағында Ozon фулфилмент-орталықтары жұмыс істейтінін, сондай-ақ Widberries логистикалық орталықтарының құрылысына арналған учаскелер бекітілгенін атап өтті. Тұтынушылар үшін, бұл ең алдымен, ассортименттің және баға саясатының тұрақты болуымен тиімді болмақ. Логистикалық орталық «Қазпошта»-ның  дамуына, интернет-сауданың логистикалық делдалынан интернет-компаниялардың негізгі серіктесіне айналуы үшін маңызды. Аталған іс-шаралардың барлығы Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға оң әсер етеді.

«Қазпошта» АҚ өндірістік қуаттарды кеңейтуге және жақсартуға ұмтылады. Қойма жұмысының негізгі бағыттарына толықтыру және өндірістік процестер үшін пайдаланылатын аумақтарды ұлғайту, тауарлар ассортиментін кеңейту, сондай-ақ тауарларды сақтау және өңдеу үшін орын тапшылығы мәселесін шешу кіреді», — деді «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Әсел Жанасова. 

Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азия елдері арасында е-коммерция саласы бойынша көш бастап тұр. Ғаламдық интернет-алаңдарда Alibaba.com және JD.com ұлттық павильондары жұмыс істейді, бүгіннің өзінде олардың жиынтық сатылымы $300 млн-нан асты.

Анықтама: Қазақстандағы электрондық сауда көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2 трлн теңгеге жетті, ал бөлшек сауданың жалпы көлемінде электрондық сауданың үлесі 12,5%-ды құрады.

«Қазпошта» АҚ 2023 жылдың тамыз айында электрондық сауда операторы мәртебесін алды, бұл компанияның e-commerce саласында өз әлеуетін арттыруға қосымша мүмкіндік бермек.

#Логистика #Сауда #Серік Жұманғарин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу