Серік Жұманғарин Әзербайжан тарапына отандық теміржол машиналарын жасаудың экспорт бойынша мүмкіндіктерін таныстырды

Бакудегі пленарлық отырыс қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесті.

Екіжақты кездесу барысында қазақстандық тарап отандық ауыр машина жасау мүмкіндіктеріне тоқталып, өзі өндіретін локомотивтер мен жүк вагондарын жеткізуді ұсынды.

«Әзербайжан нарығы Қазақстанда өңделген өнімдерді экспорттауға зор қызығушылық білдіріп отыр. Жақында ғана қазақстандық өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы өтті, оның қорытындысы бойынша $55 млн-ға металлургия өнімдерін, азық-түлік және кондитерлік өнімдерді жеткізуге келісім-шарттарға қол қойылды. Екі елдің энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы тауарлары саудасы салаларында ынтымақтастықты арттыруға зор әлеуеті бар. Біз барлық мәселе бойынша өзара тиімді және табысты ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз және жаңа ұсыныстарға әрқашан ашықпыз», — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар тараптар энергетика, байланыс және коммуникация, көлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және басқа да салалар бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

#Серік Жұманғарин #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу