Серік Жұманғарин Huawei компаниясына Қазақстандағы IT инфрақұрылымы мен цифрландыруды дамытуды ұсынды

Бүгін Серік Жұманғарин Huawei компаниясының кеңсесінде болды. Компания кеңсесінің көрме залында қазақстандық делегация жоғары ағыннан төменге дейін, көмір өндіруде, тау-кен өнеркәсібінде, порт инфрақұрылымында және басқа да салаларда, миллион халқы бар қалалардың көлік және инфрақұрылымын басқаруда, мұнай өнеркәсібінің толық өндірістік циклі процесіне цифрлық шешімдер мен AI енгізу нәтижелерін ұсынды.

Мысалы, Smart City Intelligent Operation Center қала тұрғынының Үкіметтің уәкілетті органына өтінішін 30 минут ішінде құруға мүмкіндік береді, ал өтінімді орындау 24 сағатқа дейін созылады. Smart Port Тяньцзинь портындағы контейнерлерді тиеу кезіндегі ауыр жұмысты қашықтан басқару және бақылауға ауыстырды. Көмір шахталарында 5G+AI технологиясына негізделген Coal Sheater Remote Control арқасында жұмыс процестері толығымен жер бетінен басқарылады. Huawei-де айтылғандай, кеншілер костюммен кеңселерде отырып, көмір өндіреді.

Серік Жұманғарин Huawei Technologies Co. Ltd. атқарушы вице-президенті, сыртқы коммуникациялар департаментінің президенті Ван Цзянфэнмен кездесу барысында цифрландырудың соңғы трендтері мен қазақстандық цифрлық экожүйені дамыту үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Әлемде танымал компаниялар көп емес. Бір кездері мен Nokia компаниясында болдым, ал қазір Huawei-де жүрмін. Huawei соңғы жылдары жасаған үлкен ұмтылыс – Қытайдың өзі жасаған үлкен серпілістің көрінісі. Біз Компанияның цифрлық технологияларды енгізудегі тәжірибесімен бөлісуіне өте мүдделіміз, цифрлық экожүйемізді дамыту үшін ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Биыл Huawei Technologies және ҚТЖ ұлттық компаниясы жаңа технологияларды пайдалана отырып, Қазақстандағы теміржол желісін цифрландыруға қатысты келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның сауда-көлік байланысын дамытуға оң әсер ететініне, Қазақстанның Орталық Азияның цифрлық хабына айналуына негіз болатынына сенімдімін. Біз Қазақстанға қатысты кез келген ұсыныстарды қарастырамыз», — деп атап өтті вице-премьер

Өз тарапынан Ван Цзянфэн қазақстандық делегацияның Huawei кеңсесіне келгені үшін ризашылығын білдірді. Компания өкілдері Қазақстанның «Цифрлық Қазақстан мен Еуразиялық хабқа апарар жолы» атты цифрлық дамуына қатысты өз ұсыныстарын берді. Huawei-дің Қазақстанда 25 жыл жұмыс істегенін атап өткен Ван Цзянфэн компания Қазақстанның өңірлік цифрлық орталық ретінде орнықты дамуына өз үлесін қоса отырып, сенімді әрі өзін-өзі дәлелдеген ұзақ мерзімді әріптес ретінде жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

«Біз білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ететін, сондай-ақ жергілікті экономиканың өсуін ынталандыратын Huawei технологияларының өндірісін Қазақстан аумағында оқшаулау мүмкіндігіне мүдделіміз. Біз Huawei компаниясы тарапынан салаларымызды дамытуға ықпал ететін инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша кез келген ұсыныстарға дайынбыз. Біз Huawei компаниясын Қазақстанның білім беру және медицина секторларына қызмет көрсету сапасы мен азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесетін инновациялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға шақырамыз. Біз Huawei компаниясымен өзара сенім, инновация және екі тарап үшін өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді серіктестік орнатуға дайынбыз», — деп ұсынды Серік Жұманғарин.


Анықтама:

«Huawei Technologies Co., Ltd» компаниясы Қытайда 1987 жылы құрылған. Компания АКТ инфрақұрылымының, жасыл энергетикалық шешімдердің, бұлтты есептеулердің және смарт құрылғылардың жетекші жаһандық жеткізушісі. Huawei-де бүкіл әлем бойынша 120 000-нан астам белсенді патент, 700-ден астам аяқталған «ақылды» қала жобасы, дүние жүзіндегі 35 000-нан астам серіктеспен ынтымақтастық орнатқан. Fortune Global 500 тізіміндегі 267 компания Huawei-ді цифрлық трансформация серіктесі ретінде таңдады. Huawei-дің цифрлық энергетикалық шешімдері 695.1 млрд кВт жасыл энергия өндіруге және 19,5 млрд кВт электр энергиясын сақтауға көмектесті, бұл 340 млн тонна СО2-ні қысқартумен және 470 млн ағаш отырғызумен тең. Қазіргі уақытта компания Global Fortune 500 тізімінде 49-шы орында.

#Жұмыс сапары #Инфрақұрылымдық даму #Серік Жұманғарин #Халықаралық ынтымақтастық #Цифрландыру #Экономика

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу