Сервистік модель, жеңілдетілген бақылау және цифрландыру – жаңа Салық кодексі қандай болады?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында заң жобасында салықтық әкімшілендіруге баса назар аудару жоспарланып отыр. Қазыналық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сервистік моделін енгізу қарастырылып отыр. Есептілік қысқартылып, салықтық бақылау жеңілдетіліп, барлық процесс цифрландырылмақ.

Елде түсінікті және болжауға болатын қазыналық саясатты қалыптастыру үшін барлық жаңа тәсіл мен жоспарланған өзгеріс салық саясатының тиісті тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Кодекстің өзін Қолданысқа енгізу туралы жеке заңсыз қабылдау ұсынылады.

Экономика секторларына байланысты сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу бойынша заң жобасының тұжырымдамалық мәселелерін пысықтау жалғасуда. Мұндай өзгерістердің қажеттілігін ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ басқа да баяндамаларында бірнеше рет атап өткен.

Отырысты қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Салық кодексі жобасының мәселелерін одан әрі зерделеуді тапсырды.

#Ерұлан Жамаубаев #Заң жобалары #Салық саясаты #ШОБ

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу