Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова

Сейсенбі, 23 Маусым 2020, 12:58:41

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов елдегі бизнес ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

М. Әбілқасымова атап өткендей, экономикалық белсенділіктің құлдырауы жағдайында Агенттіктің басым міндеті — экономиканы кредиттеуді қолдау, бизнес тарапынан кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің төмендеуіне жол бермеу. Сонымен бірге нақты экономикадағы жағдайдың банк жүйесінің тұрақтылығына салдарын жұмсарту маңызды.

«Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Агенттік қаржылық қиындықтарға тап болған халық пен бизнеске қолдау көрсету үшін бірқатар шараларды қабылдады», — деді М. Әбілқасымова.

16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде жеке тұлғалар және ШОБ субъектілері үшін кредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыруға мүмкіндік берілді.

Бұл кезеңде 1 890 443 адамның немесе барлық жеке тұлға қарыз алушының 34%-ының төлемдері кейінге қалдырылды. Аталған төлемдер сомасы 268 млрд теңгені құрады.

Кредиттерді қайта құрылымдауға 12 455 ШОБ субъектісі өтініш жасады. Бұл ШОБ кредит алушыларының 41,5%-ын құрайды. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы 165 млрд теңге болды.

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде барынша зардап шеккен 12 сала және 346 экономикалық қызмет түрі қамтылды.

ШОБ субъектілерінің кредиті қайта құрылымдалған жалпы санынан 34%-ы саудаға, 11%-ы сұлулық салондары, химиялық тазалауға, шаштараз қызметтеріне, 5%-ы көлік пен қоймаға жинауға, 4%-ы қоғамдық тамақтануға, 3%-ы туризмге, 1%-ы қонақ үй саласына жатады.

«Төтенше жағдай кезеңінің аяқталуына қарамастан, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін қайта құру бір қалыпты және толық емес. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемі қысқарып, айналым мен түсім азайды және соның нәтижесінде алынған кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі төмендеді. Осыған орай, Агенттік екінші деңгейлі банктермен және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетудің қосымша шараларын іске асыруда», — деді М. Әбілқасымова.

2020 жылғы 15 маусымда Шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсетудің жаңа тәртібі бекітілді. 2020 жылғы 16 маусым – 15 қыркүйек аралығында ШОБ субъектісі қосымша қолдау шараларын көрсету туралы банкке немесе микроқаржылық ұйымға өтініш жасауға құқылы, бұл өтінішті кредиттік ұйым 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

«Кредиттік ұйым әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдай мен карантиннің ШОБ субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және қаржылық жағдайын қайта құрудың перспективасын жеке бағалайды. ШОБ субъектілерінің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, кредиттік ұйымдар қолдау көрсетудің екі бағытын ұсынады», — деді Агенттік төрағасы. 

Біріншіден, бұл уақытша қаржылық қиындыққа тап болған қарыз алушылардың кредиті бойынша төлемдерді кейінге қалдыру. 

Бұл шара бизнестің борыш жүктемесінің айтарлықтай өсуіне апармайды, себебі кредит бойынша мерзімі өткен төлемдерді төлеу қарызды толық өтеу күніне дейін не қарыз мерзімі аяқталған соң кейінге қалдырылған төлем мерзіміне тең қосымша кезең бойы бөлінеді.

Екіншіден, бұл кредитті нарықтық мөлшерлемемен жеңілдік берілген талаптармен кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қайта қаржыландыру. Бұл мүмкіндікті барлық ШОБ субъектілері, оның ішінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған субъектілер пайдаланады. 

Сонымен қатар М. Әбілқасымованың айтуынша, Ұлттық банк Агенттікпен бірлесе отырып, ШОБ субъектілерін айналым капиталын толықтыруға жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын іске асыруда.

Осы Бағдарлама бойынша кредиттер 8%-ға дейінгі мөлшерлемемен 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарламаның жалпы көлемі — 600 млрд теңге.

Аталған Бағдарлама аясында қазіргі кезде 259 млрд теңге сомасына кредиттер берілді.

ШОБ субъектілерінің борыш жүктемесін азайту үшін Бизнестің жол картасы – 2025 бағдарламасы бойынша кредиттер 6% мөлшерлемемен қайта қаржыландырылуда.

ШОБ субъектілерінде кепілдің болмауын ескере отырып, Даму қоры тарапынан кредит сомасынан 85%-ға дейін кепілдік беріледі.

Қазіргі таңда экономиканың зардап шеккен салаларындағы 14,5 мың субъектіден мемлекеттік бағдарламалармен барлығы 5 мың ШОБ субъектісі қамтылған. 

Бұдан өзге қайта қаржыландыру үшін қосымша мүмкіндіктер микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жаңа бағыт ұсынады, ол сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялауды және қарыз алушы үшін жылдық 6% сыйақының түпкілікті мөлшерлемесімен кредиттерге кепілдік беруді көздейді.

Банк жүйесі қазіргі уақытта капиталдың жинақталған қорының арқасында кредиттерді қайта құрылымдауға байланысты шығынды көтере алады. 

Банктердің дағдарыстан туындаған қосымша шығындарын игеру және экономиканы кредиттеуге қолдау көрсету үшін Агенттік пруденциялық реттеу тетігін толығымен іске қосты. 

Банктердің капиталын және өтімділігін босату мақсатында уақытша реттеушілік жеңілдіктер енгізілді.

Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының консервативті буферіне қойылатын талаптарды 1 пайыздық тармаққа уақытша төмендету туралы шешім қабылданды. 

Меншікті капиталға қойылатын, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген кредиттер бойынша талаптар төмендетілді, өтімділік коэффициенттері бойынша талаптар жұмсартылды. Бұл банктердің 468 млрд теңге көлеміндегі капиталын және 1 767 млрд теңге көлеміндегі өтімділігін босатуға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, қабылданған шаралар банктердің экономиканы кредиттеу көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттік портфелі жыл басынан бері 325 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға ұлғайып, 15,1 трлн теңгені құрады.

 Сәуірде банк жүйесінің кредиттік портфелі 2,5%-ға төмендеп, мамырда 1,2%-ға өсу байқалып отыр.

Сонымен бірге шағын және орта бизнеске кредиттер портфелі сәуірде 3,4%-ға төмендеп, сол деңгейде қалды. 

«ҚР Үкіметімен бірлесіп қабылданып жатқан шаралар экономиканы кредиттеуді айтарлықтай төмендетуге, әсіресе экономиканың барынша зардап шеккен салаларында төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Агенттік банктер мен мемлекет тарапынан қарыз алушыларға қолдау көрсетудің қосымша шараларын іске асыруды мониторингтеуді және бақылауды жалғастырады», — деді М. Әбілқасымова.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз кезегінде бизнестің жүйелі проблемалары тұрақты түрде анықталып, шешіліп жатқанын атап өтті. Бірыңғай тізілім құрылды, оған бизнестің 600-ден астам проблемасы енгізілді.

Бұдан өзге Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Аталған комиссия аясында 500-ден астам мәселе қаралды, олардың 80%-ы шешімін тапты.

«Мәселен, 7-8 облыста газды пайдаланатын ШОБ көптеген субъектілері алдын ала аванс төлеуді талап еткен монополистерге шағымданды. Кейіннен бұл мәселе шешілді. Аванс төлеу туралы талап алынып тасталды. Мұндай мысалдар өте көп», — деді А. Мырзахметов.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкімет бизнесті қолдау бойынша бірқатар шұғыл шаралар қабылдағанын атап өтті. Жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар іске асырыла бастады. Сонымен қатар бизнес өкілдерімен кездесу аясында қосымша шешімді талап ететін мәселелер мен проблемалар қаралды. Бұл проблемалар салықтық әкімшілендіру саласын, кредиттер бойынша борыштық жүктемені төмендетуді, ішкі нарықты кеңейтуді, агроөнеркәсіптік кешенде жеңілдікті кредиттер беруді және басқа да мәселелерді қамтиды.

Аталған мәселелерді жүйелеу нәтижелері бойынша бизнесті қолдаудың қосымша шаралар пакеті дайындалып, бірнеше рет талқыланды. Осы жылдың шілде айында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша жаңа бағыт іске қосылатыны атап өтілді. Кредиттер екінші деңгейлі банктердің және микрокредиттік ұйымдардың өз қаражаты есебінен берілетін болады. Оператор — «Даму» қоры болады. Кредиттер айналым қаражатын толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға берілетін болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.