Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді

Сейсенбі, 30 Наурыз 2021, 13:42:57

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, министрлік мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрақты жұмыс орындарын құруға тікелей және жанама мультипликативтік әсерлердің жоғары әлеуеті бар жобаларды мұқият іріктеу бойынша жұмыс жүргізді.

Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін 4 бағыттан және 87 іс-шарадан тұрады.

«Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,8 трлн теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 517,9 млрд теңгені, жергілікті бюджеттен 43,9 млрд теңгені, жеке инвестициялар 1,3 трлн теңгені құрайды. Жоспар аясында 1,4 трлн теңге сомасына 64 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, олар АӨК, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм және спорт, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігінің белсенділігін дамытуға бағытталған», — деді ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, АӨК-те 52 сүт-тауар фермасы, құрама жем зауыты, 3 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы, жылыжай кешені және т.б. салынады.

Өнеркәсіпте АЭА аумағында CLAAS ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулау, JOHN DEERE сервис орталығы, «Ақсораң» және «Баян» вольфрам-молибден кендерінің кен орындарын игеру, сондай-ақ, тау-кен металлургия комбинатының және жаңа өндірістік алаңдардың READY-BUILT FACTORY бойынша көзделеді.

«Қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін «Қызылжар» сауда-логистикалық хабы құрылады. Қызметтік белсенділікті дамыту үшін елдің әкімшілік орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету үшін әуе рейстерінің саны айына 16-дан 68-ге дейін артады», — деді сала басшысы. 

Өңірде туристік әлеуетті күшейту және спортты дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорттық аймағында көпфункционалды туристік кешенін салу қамтамасыз етіледі, бұл жылына 100 мыңнан 280 мың туристке дейін көбейтуді қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан басқа, 100 адамға арналған қонақ үйі бар спорт орталығы, сондай-ақ Петропавл қаласында 3 мың орындық көпфункционалды спорт сарайы салынатын болады.

Ә. Ерғалиевтің айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес субъектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізу көзделген.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және цифрлық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.

«Ауыл - Ел бесігі»  жобасы аясында 307 тірек және спутниктік ауылдарда жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес жолдар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері және т.б. салынып, жөнделетін болады.

Қалалар мен ауылдарда ұзындығы 412 км сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жүзеге асырылатын болады, бұл 100% ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2,3 млн ш.м. немесе 21,7 мың пәтер салу және пайдалануға беру жоспарлануда.

«Өңірдің барлық қалалары, тірек және спутниктік ауылдары кеңжолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын шамамен 2100 км жолды жөндеу және реконструкциялау жүргізілетін болады, бұл 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 98%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді министр.  

Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құру көзделген.

Облыстық көп бейінді аурухана, сондай-ақ аудан орталықтарында, тірек және спутниктік ауылдық елді мекендерде 47 медициналық нысан салынады.

3 ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында 16 мектеп салынады. Сондай-ақ, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық оңалту мектеп-интернатының құрылысы жоспарлануда. 

Сонымен бірге Назарбаев Университетінің және Академиялық көшбасшы орталығы тәжірибесі бойынша ЖОО құрылатын болады.

Сондай-ақ, курсанттардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту және офицерлерді даярлау сапасын арттыру мақсатында Ұлттық ұлан Әскери институтының ғимараттары мен құрылыстарын салу жоспарлануда.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жыл сайын 300-ге жуық әлеуметтік сала мамандары тартылатын болады.

Өңір тарихын танымал ету үшін археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени маңызы бар объектілерді кешенді зерттеу жоспарлануда.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай 26 мың жаңа жұмыс орындарын құруды (оның ішінде 16 мың тұрақты), шамамен 1,3 трлн теңге жеке инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді, өңдеу өнеркәсібі 25%-ға және ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 54%-ға өседі.

«Халықтың нақты табысы мен еңбек өнімділігі 30%-ға артады. Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижесінде ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2025 жылы 5,2%-ға дейін өседі», — деді Ә. Ерғалиев.

Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын өсіруге және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Экономикалық белсенділікті тартудың жаңа нүктелерін қалыптастыру тиімді жұмыс орындарын құруды және өңірдің кешенді дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке инвестициялардың келуіне серпін береді», — деді ұлттық экономика министрі.

 

2025 жылға дейін өңірде өңдеуші салада 20 жобаны іске қосу жоспарлануда

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде Министрлік жетекшілік ететін салаларда 36 іс-шараны іске асыруға жұмылдырылған.

Өнеркәсіп саласында Солтүстік Қазақстан облысында  2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 4 500 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 376,5 млрд теңгеге өңдеуші салада 20 жобаны іске қосу жоспарлануда.

«Ағымдағы жылдың өзінде шамамен 1 мың жұмыс орнын құрумен инвестиция көлемі 28,9 млрд теңге болатын 8 жобаны іске қосу жоспарланып отыр», — деді Б. Атамқұлов.

Сонымен қатар, өңірлік мамандану кеңеюде. Іске асырылып жатқан жобалар есебінен ағаш өңдеу, фармацевтика, қағаз, жиһаз саласының дамуына серпін берілді. Өңірде ламинатталған фанера мен шпон өндіру бойынша жобалар іске қосылды.

Биыл «Сапа Инвест Плюс» ЖШС ағаш-жоңқа жиһаз плиталарын шығару бойынша жобасы енгізіледі. «Holding Orkendeu» ЖШС қағаз және картон өндіру бойынша жобаны жүзеге асыруда. «Медэкспорт-Солтүстік жұлдыз» ЖШС дәрі-дәрмек шығаруды жоспарлап отыр.

«Өңірде сондай-ақ изотермиялық вагондар шығаратын Қазақстандағы жалғыз «Cool Infinity» ЖШС кәсіпорны жұмыс істейді. Биыл кәсіпорында ауқымды қайта құру жоспарланған. Шығарылатын вагондар саны жылына 300-ден 1 400 данаға дейін 4 есеге өседі. Өнімнің басым бөлігі Ресей мен ТМД елдеріне экспортталатын болады», — деді Б. Атамқұлов. 

Бұдан басқа, АЭА аумағында отандық инвестор «Alageum Electric» АҚ 4-ші және Солтүстік Қазақстан облысында 1-ші трансформатор зауытының құрылысын аяқтауда. Бұл компанияның өнімдері экспортқа шығаруға бағытталған.

READY-BUILT FACTORY қағидаты бойынша тоқтап тұрған объектілер базасында жаңа өндірістік алаңдар салу 450 жұмыс орнын құрумен 21,6 млрд теңге сомасына 4 жобаны іске қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Толық қуатқа шыққан кезде жобалардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 25,5 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 30 млрд теңге сомасына жыл сайын 300 бірлік техника шығарумен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Б. Атамқұловтың айтуынша, жобаны іске асыру өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Өткен жылы техника 4,2%-ға жаңартылды. Жаңа зауыттың іске қосылуымен бұл көрсеткішті жылына 6%-ға дейін арттыру жоспарланған.

«Іске асырылып жатқан жоғары технологиялық жобалар жастар үшін және жалпы солтүстік өңірдің тұрғындары үшін сапалы, тұрақты жұмыс орындарын сақтауға және құруға, сондай-ақ облыс халқының көші-қон ағынын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Автожол саласы саласында 2025 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде жергілікті маңызы бар 2100 км автожол жөнделеді және реконструкцияланады. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының есебінен өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдардың 98%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілетін болады.

Б. Атамқұловтың айтуынша, қабылданған шаралар 350-ден астам ауылдық елді мекендердегі жолдарды жөндеуге, сондай-ақ су тасқыны маусымының қаупін болдырмауға (су өткізу құрылыстарын орнату және көпірлер салу) мүмкіндік береді.

«Ішкі туризмді дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы автомобиль жолдары мен кірме жолдардың құрылысы мен жөнделуін жоспарладық. Азаматтық авиация саласында біз Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар ағынын жылына 40 800 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өңірдегі іскерлік белсенділікті дамытуды ынталандыру мақсатында субсидияланатын авиарейстердің саны айына 16-дан 68-ге дейін ұлғайтылады. Бұл шаралар әуежай қызметін шығынсыздыққа шығаруға, сондай-ақ азаматтардың елдің іскерлік және әкімшілік орталықтарымен байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Б. Атамқұлов.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында 2,3 млн шаршы метр немесе 21,7 мың тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен  10 мыңнан астам отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, ұзындығы 412 км сумен жабдықтау, су бұру желілері салынады және реконструкцияланады. Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 100% құрайды. Жалпы осы бағыттар бойынша 2 156 жұмыс орны, оның ішінде 1 416 уақытша және 740 тұрақты жұмыс орны құрылады.

 

Кешенді жоспар АӨК-те еңбек өнімділігін 2,5 есе ұлғайтып, 1,6 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша үлкен әлеуетке ие. 

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2021 жылға дейінгі кешенді жоспарында көзделген шаралардың арқасында облыс үшін өткен жыл оң нәтижелер көрсетті», — деді ауыл шаруашылығы министрі. 

Өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру шеңберінде соңғы үш жылда майлы дақылдар алаңы 1,3 есеге ұлғайып, өткен жылы 922,6 мың га құрады. Машина-трактор паркін жаңарту жөніндегі міндет шеңберінде 2020 жылы 2085 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл 2018 жылғыдан 33,6%-ға көп.

Мал шаруашылығында үш жыл ішінде қуаты 36 мың тонна сүтті құрайтын жаңа 12 сүт кешені және 3 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. 

Сонымен қоса, Тайынша ет комбинатына жаңғырту жүргізілді, сондай-ақ «BioOperations» ЖШС зәкірлік кәсіпорнымен астық өндіру және өңдеу жөніндегі экожүйе құрылуда. 

«Нәтижесінде облыстың жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылы 779 млрд теңгені құрады. Бұл – жалпы республикалық көлемде өңірлер арасында екінші орын, ал ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі бойынша өңір бірінші орында», — деді С. Омаров.

Жаңа Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары жобасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 17 іс-шара көзделген, оның ішіндегі 10 іс-шара – ірі инвестициялық жобалар. 

Мәселен, алдағы бес жылда жалпы қуаты 29,8 мың бас болатын 52 тауарлық сүт фермасын, 3 бордақылау алаңын, 2 құс фабрикасын, құрамажем зауытын, жылыжай кешенін, май сығымдау және май экстракциялық зауыттарын, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Сонымен қатар, шошқа кешені мен сүт зауытын кеңейту көзделіп отыр.

С. Омаровтың айтуынша, бұл жобаларды «Солтүстік» ӘКК арқылы кредит беру жолымен және жеке инвестициялар тарту есебінен қаржыландыру болжанып отыр. 

Бұл ретте ӘКК арқылы қаржыландырудың ұсынылып отырған тетігі өз тиімділігін көрсетіп үлгерді, облыс әкімдігі өткен жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен кредит беріп келеді. Тек 2020 жылдың өзінде 4 млрд теңге сомасына 10 жоба қаржыландырылды. Осының арқасында бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы тауарлық сүт фермаларын салу бойынша көшбасшы болып отыр.

«Инвестициялық жобаларды іске асыру бес жыл ішінде 575 млрд теңге жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді, биылғы жылдың өзіне 129,8 млрд теңге жеке инвестиция тарту көзделген», — деді ауыл шаруашылығы министрі. 

Сондай-ақ, Кешенді жоспар машина-трактор паркін жаңарту бойынша индикативті көздейді, 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 6%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 

Жалпы, Кешенді жоспарды іске асыру облыста майлы дақылдар алаңын 1 млн га дейін, сүт өндірісін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, майлы дақылдарды өңдеу үлесін 14%-дан 30%-ға дейін жеткізуге, сүт өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді 90%-дан 92%-ға дейін, ал ет өңдеу кәсіпорындарын жүктеуді 42%-дан 50%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,2 трлн теңгеге дейін жеткізіледі, еңбек өнімділігі 2,5 есеге ұлғайып, 1,6 мың жұмыс орны құрылады.  

 

СҚО-да сауда-логистикалық хаб құрылады

Өз баяндамасында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың аясында қарастырылған сауда-логистикалық хаб құру мәселесіне тоқталды.  

Сауда және интеграция министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп аталған мәселені пысықтады, министрдің айтуынша, аталған жоба іске асыру екі кезеңнен тұрады. 

Бірінші кезеңде Ұлттық тауар өткізу жүйесі шеңберінде көтерме-тарату орталықтары құрылады. Екінші кезеңде ол сауда-логистикалық хаб ретінде қайта құрылады. 

Қазіргі уақытта Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасы аяқталу сатысында. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған.

Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың екінші кезеңі 7 көтерме-тарату орталықтарын, оның ішінде Петропавл қаласындағы Сақтау–көтерме-тарату орталығын құруды көздейді.

Бірінші кезеңде жинақталған тәжірибені ескере отырып, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінің экспорттық әлеуеті Ресейдің Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс өңірлеріне шамамен $1 млрд құрайды. Осыған байланысты Петропавл қаласындағы көтерме-тарату орталығын толыққанды өнеркәсіптік, сауда және логистикалық хабқа одан әрі дамытуға көзделіп отыр. 

«Хабтың мамандануын Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ минералдар, көмір, цемент және басқа да тауарларды жүзеге асыруға бағыттауды ұсынамыз», — деді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ, Хаб ресейлік кәсіпорындармен өнеркәсіптік кооперация жүзеге асырылатын алаң ретінде қарастырылуда және басқа көршілес елдермен бірігіп қалыптастырылып жатқан сауда хабтарымен өзара байланыс пен синергия қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы 592,3 мың тонна картоп және 37 мың тонна сәбіз өндіреді. Кәсіпорындардың (шаруа қожалықтары) үлесі шамамен 100 мың тоннаны құрайды, ал қалған бөлігі жеке үй шаруашылықтар арқылы өндіріледі.

Петропавл қаласында Сақтау-көтерме-тарату орталығын құру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 50 км радиуста сақтау алаңдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Мағжан Жұмабаев атындағы ауданды, Қызылжар, Мамлют, Аққайың аудандарын қамтиды.

Министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен Петропавл қаласына жер телімін бөлу мәселесі пысықталды. 21,3 га алаңда қоймалар мен теміржол бекеті бар.

«Сауда-логистикалық хабты құру өңірдің дамуына, бәсекеге қабілетті өндірістерге, өнімнің жаңа түрлерін игеруге, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және инвестициялар тартуға қосымша серпін береді», — деп түйіндеді Б. Сұлтанов.

 

Бес жылда облыста 97 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған

Кешенді жоспардың әлеуметтік блогын таныстыра отырып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өңірге инвестициялар мен білікті мамандарды тартуға, жаңа өндіріс көздері мен жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты шаралар туралы айтып берді. 

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында: экономикалық белсенді халық саны 302 мың адамды құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 286 мың адам, ал жұмыссыздар  — 15 мың адам немесе 5,1% деңгейінде.

2025 жылға дейін өңірде 97 мың, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар мен жеке кәсіпкерлерлердің бастамалары бойынша 71 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.

Сондай ақ, Кешенді жоспар шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша 16 мың тұрақты және 10 мың уақытша жұмыс орындары құрылмақ. Барлығы 69 мың тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Бұдан бөлек, Нұр-Отан партиясының сайлауалды тұғырнамасы бойынша алдымыздағы 5 жылда:

  • 3 500 адам Бастау-Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 1 700 жастарға бизнес-идеяларын іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріледі;
  • 600 жас адамды «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру жоспарланған болса, жыл сайын 25 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатын болады.

Министрдің айтуынша, сонымен бірге, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды ыңталандыруға, демографиялық теңгерімсіздіктің және кері көші-қон сальдосының әсерін азайтуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Біріншіден, бизнес процесті оңтайландыру үшін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді алу, қоныс аударуға өтінім беру және қабылданған шешіммен танысу Электронды еңбек биржасы арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Екіншіден, қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға, жаңа жерде бейімдеуге жағдай жасау үшін көшуге берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 35-тен 70 АЕК дейін көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде (Қаулы жобасы Үкіметке енгізілді).

Үшіншіден, жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында қоныс аударушылардың еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, оқыту шығындарын өтеу бойынша шаралар қабылданатын болады.

«Жалпы Кешенді жоспарда қарастырылған шаралар 2025 жылға өңірге 10 мыңнан астам жұмыс күшін көшіруге, демографиялық мәселелердің жақсаруына оң әсерін тигізеді және жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді», — деді С. Шәпкенов.

 

Петропавл қаласында облыстық көпсалалы аурухана салу жоспарлануда

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СҚО әкімдігімен бірлесіп «Петропавл қаласында 480 төсек-орындық облыстық көпсалалы аурухана салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруды бастағанын атап өтті.

«Жобаны іске асыру ерте диагностика жүргізуге және емдеу тиімділігін арттыруға, ана мен бала өлімін, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді кезеңге жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А. Цой.

Министрдің айтуынша, аурухана заманауи техникалық жобаларды ескере отырып жобаланып, медициналық техникамен, ақпараттық жүйемен толық жабдықталатын болады.

Сонымен қатар, мекеме білікті, мамандандырылған және заманауи медициналық көмек көрсету арқылы жоғары технологиялық медициналық қызметтер ұсына отырып, Қазақстандағы медициналық туризм орталықтарының біріне айналады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, өңірде республикалық бюджет шеңберінде аудандық және қалалық ауруханаларды медициналық техникамен жабдықтау жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

2021 жылы маммограф, компьютерлік томографтар, флюорографтар, С-доғалы рентген аппаратын, Лор комбайндар, наркоздық-тыныс алу аппараттарын, ӨЖЖ аппараттарын сатып алу жоспарлануда.

«Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін медициналық жабдықтар паркін жаңарту және жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2022-2025 жылдары 140 бірліктен астам жабдық сатып алуға 12 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын бөлу жоспарланып отыр, бұл өткен кезеңнен екі есе жоғары», — деді А. Цой.

Министрдің айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру аясында облыста 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда жарақтандыру деңгейі 49,5%-дан 56,4%-ға дейін ұлғайды және медициналық техниканың тозу деңгейі 61,7%-дан 42,7%-ға дейін төмендеді.

Жаңа жабдықпен жарақтау осындай кезеңде онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің 13%-ға төмендеуіне де әсер етті.

Туберкулезбен ауыру 36%-ға төмендеді.

Аудан орталықтарындағы, тірек және спутниктік ауылдық елді мекендердегі медициналық объектілердің құрылысына қатысты министр бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 623 амбулаториялық-емханалық көмек объектісі бар екенін, оның ішінде 554-і мемлекеттік және 69-ы жеке меншік екенін атап өтті.

СҚО ғимараттарының тозу деңгейі бойынша республика бойынша екінші орында, бұл көрсеткіш 78,8% құрайды.

Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 47 медициналық нысан салуды ұсынды. 

 

2025 жылға дейін СҚО-да 16 жалпы білім беретін мектеп салу көзделген

ҚР білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ға дейін жеткізу қарастырылған.

Ол үшін жекеменшік балабақшаларды дамыту жұмыстары жалғасады. Ваучерлік қаржыландыруды, мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастырудың балама нысандарын енгізуді дамыту жоспарлануда. 

«Өңірдегі оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін өңірде 2025 жылға дейін 16 жалпы білім беретін мектеп салу көзделген. Кешенді жоспарға сәйкес 2022-2023 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп-интернаты, 200 орындық жатын корпус салынады», — деді А. Аймағамбетов.

5000 мектепті жаңғырту жобасы бойынша облыста 416 мектеп қамтылады. Жоба аясында күрделі жөндеу, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, мектеп жиһаздарын жаңарту, кабинеттерді жабдықтау, оқушыларды тасымалдау, турникеттер мен бейнебақылау орнату және т.б. қарастырылған.

Сонымен қатар, 2025 жылға дейін жергілікті атқарушы органдармен бірге жастарды кезең-кезеңмен 100%-ға дейін қамту жоспарлануда. «Жас маман» жобасы аясында 2021 жылы 9 колледжді жабдықтау жоспарланған.

М. Қозыбаев университетінде академиялық артықшылық орталығын құру жоспарлануда. Қаражат зерттеу экожүйесін қалыптастыруға, инновациялық зертханаларды құруға, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға және т.б. бағыттарға беріледі.

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру жоспарлануда. Олардың бірі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті негізінде құрылады. Нәтижесінде өңірлік зерттеу орталығы пайда болады, онда озық зерттеу жобаларын жүргізу үшін жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта М. Қозыбаев атындағы университетте «Серпін» жобасы іске асырылуда.

«Қазір ресейлік жоғары оқу орындарынан ауысатын студенттерге жыл сайын 200 білім грантын бөлу мәселесі пысықталуда. Бұл үшін бос гранттар бөлу мәселесін реттейтін тиісті қаулыға өзгерістер енгізіледі. Сонымен бірге М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне 2000 мақсатты грант бөлінетін болады», — деді А. Аймағамбетов.

 

Өткен 3 жылда облыстың ЖӨӨ көлемі 34%-ға ұлғайды

«Елбасының тапсырмасы бойынша қабылданған Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары өңір экономикасының дамуына оң әсер етті», — деді Үкімет отырысында жасаған баяндамасында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов. 

Өңір басшысының айтуынша, өткен 3 жылда облыстың ЖӨӨ көлемі (заттай мәнде) 34%-ға, инвестиция 50%-ға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 54%-ға, өңдеу өнеркәсібі 37%-ға өсті. ЖӨӨ-дегі бизнес үлесі 5%-ға ұлғайды, көптеген әлеуметтік мәселелер шешілді.

Кешенді жоспарды жаңартуға сәйкес, алдағы 5 жылда 1,8 трлн теңгеге 87 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Қаражаттың 70%-ы  – жеке инвестиция. 

«Бюджеттің 65%-ы экономиканы одан әрі дамытуға жұмсалады», — деді Қ. Ақсақалов.

Агроөнеркәсіп саласында 52 сүт-тауар фермасын, 6 бордақылау алаңын, 2 кұс фабрикасын, өңдеу кәсіпорындарын және жылыжай салумен жаңа нысандар құрлысы жалғасады.

Өнеркәсіпте тау-кен байыту комбинаттарын салумен жер қойнауы игеріліп, 10 жаңа басым жоба іске асырылады. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы белсенді дамытылады.

«Инфрақұрылымдық кешенде жолдардың сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Облыста жолдар жөнделіп, 98%-ы сапалы болмақ. 2,3 млн шаршы метр баспана саламыз, оның 500 мыңы әлеуметтік топтарға арналады. Халықтың 93%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі», — деді Қ. Ақсақалов. 

Бюджеттің 35%-ы денсаулық сақтау және білім салаларына бағытталады, осының арқасында  жаңа нысандар салынып, материалдық-техникалық базасы жаңарады. 

2026 жылға қарай облыста ауыл шаруашылығы өнімі 400 млрд теңгеге, өңдеу секторы 67%-ға дейін өседі. 

Шағын және орта бизнес есебінен бюджет түсімі 30%-ға өсіп, ЖӨӨ-дегі бизнес үлесі 35,3%-ға дейін жетпек. 

26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, бұл еңбек нарығында тұрақтылықты сақтауға және азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

«Жалпы, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу өңірдің тартымдылығын арттыруға, жаңа өндірістерді ашуға қосымша серпін беруге және халықтың өмір сүру жағдайларын сапалы жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Қ. Ақсақалов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.