19 Қараша 2024, 13:09
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысы барысында ішкі нарықта тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру туралы мәселе қаралды. Техникалық реттеу және метрология бағыттары бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев баяндама жасады.
Оның айтуынша, техникалық реттеу жүйесінің құралдарын қолдану саласында бүгінде ЕАЭО шеңберінде айналымдағы өнімнің 85%-дан астамын қамтитын 47 техрегламент қабылдансын. Өнімнің қалған 15%-ы ұлттық техникалық регламенттермен реттеледі.
«Мысалы, құрылыс өнімдеріне ұлттық техрегламентті қолданудың оң тәжірибесі бар. Сырттан әкелінетін қауіпті, сапасыз цемент өніміне шектеу қойылды. Бұл ішкі өндірістің 23%-ға өсуін қамтамасыз етті», — деп мәлімдеді А. Шаққалиев.
Министрдің мәліметінше, басқа да тауар топтарынан, осындай әсер алу үшін және де отандық өндірушілердің өніміне сұранысты арттыру мақсатында, көмірге, жоғары вольтты жабдыққа, алкоголь өнімдеріне арналған ұлттық регламенттер әзірленіп жатыр.
«Тауарлардың қауіпсіздігін тексеру үшін сынақ базасын құру маңызды. Себебі қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі, азық түлік және басқа өндірістік тауарлар сынақ базасымен қамтылмаған. Олжас Абайұлы, сынақ базаларын дамыту үшін мемлекеттік органдарға, жоғарғы оқу орындарына ведомстволық зертханаларын жаңарту шараларын әзірлеуді ұсынамыз», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, жеке меншік зертханалар өз жабдықтарын жаңартып жатыр.
Сондай-ақ Арман Шаққалиев техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, сырттан әкелінетін көлік құралдарын бақылау нәтижесінде куәлік беретін 23 зертханада бұзушылықтар анықталғанын айтты. Ол бойынша 24 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
«Тексеріс аясында, 2-экологиялық класты қытайлық жүк көліктерін әкелуді қысқарттық. 49 автокөлік бойынша материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне жіберілді», — деді ол.
Қаржы, ішкі істер, цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүйелі түрде келесідей жұмыстар атқарылды:
1) негізсіз берілген көліктің қауіпсіздік куәліктерін жою тәртібі бекітілді;
2) көлік құралдарын әкелу, сынақтан өткізу, ішкі істер органдарында тіркеуге дейінгі алгоритмі жасалды. Бұл ақпарат халыққа жеткізілетін болады.
3) мобильді зертханалар техникалық регламент талаптарына сәйкес сынақты толық көлемде қамтамасыз ете алмағандықтан, оларды аккредиттеуге тыйым салынды.
4) Автомобильдік халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне, көлік құралы туралы мәліметті өзгертуге тыйым салынды;
«Аталған мәселені тиімді шешу үшін Қаржы министрлігіне көлікті айналымға шығаруды, «жолаушылардың кедендік декларациясы» рәсімі бойынша жүзеге асыру ұсынылады, бұл көлікті жаппай әкелу мониторингін қамтамасыз етуге, және «бір қолға» бір көлік әкелуді бақылауға мүмкіндік береді. Осы жылдың қараша айынан бастап, көліктің қауіпсіздік куәлігін беру электрондық форматқа ауыстырылды, оң нәтижелер бар. Басқа салаларда да осындай мәселені жою үшін цифрландыру құралдары арқылы,«сұр» сертификаттармен күресудеміз. Атап айтсақ, осы жылдан бастап, саладағы 100-ден астам процесс техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне енгізілді. 2025 жылдың аяғына дейін цифрландыру, тұтынушыларға өнім туралы барлық ақпаратты смартфонда штрих-код арқылы алуға мүмкіндігін береді», — деп атап өтті спикер.
Одан бөлек, Сауда министрлігі жанынан ішкі нарықты қорғау мәселелерін жедел шешу үшін бақылаушы органдардың (ДСМ, АШМ, ҰҚК ШҚ, МКК, ӘМ және «Атамекен» ҰКП) қатысуымен Ахуалдық штаб құрылды. Бірлескен алгоритм бойынша, сырттан әкелетін тамақ өнімдерінің сынамалары іріктеліп алынды, олар бойынша бұзушылықтар анықталды. 968 сәйкестік сертификатының күші жойылды. 8 өткізу пунктінде жұмыртқа, бидай әкелуге тыйым салынды.
Шекара маңындағы өткізу пункттерінде, 52 мыңнан астам көлік тексерілді, 597 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімі тексерілді, тауар тасымалдаушылардың 1057 көлік қайтарылды. Көліктің жүк бөлімінде өнім үлгілерін алуға еркін қол жеткізу үшін технологиялық өту жолы бекітілді.
«Сонымен қатар техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау, 7 бағыт бойынша жүргізіледі, 10 ай ішінде, 6 мыңнан астам субъект тексерілді. Бұзушылықтар 72% жағдайда анықталды, 355 млн теңгеден астам сомаға, айыппұл салынды. Бұл былтырғыдан 1,5 есе артық», — деді министр.
Биылдан бастап тексерулер кезінде жаңа механизмдер енгізілді:
«Бақылау сатып алу» негізінде сәйкес келмейтін кабельді, цементті, мотор майларын және тағы басқа өнімдерді сату тоқтатылды. Сәйкес келмейтін өнімді жоюдың жалпы тәртібі енгізілді.
Сырттан әкелудің барлық циклін қамтуға және қарсы тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін, «тергеу» түріндегі функцияны беру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы, 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында, өткен жылдың соңында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске қосылды.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің белсенді қатысуымен, осы жылдың 9 айында, өңірлерде кеңінен тұтынылатын өнімнің, 1423 түрі іріктелді, оның ішінде 978 жағдай бойынша бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде өнімнің 43 түрі бойынша сәйкестік декларациялары жойылып, тоқтатылды.
Осыған байланысты, шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында:
- дер кезінде шаралар қабылдау үшін, аккредиттеу субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды, Кәсіпкерлік кодексінен алып, ерекше тәртіп орнату ұсынылып отыр.
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында, құқық бұзушыларды жауапқа тарту мәселелерінде, құқықтық кемшіліктерді жою бөлігінде, мемлекеттік реттеуді күшейту.
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту және Үкімет деңгейінде Тұтынушыларды қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтын құру ұсынылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қабылданған 10 мыңнан астам ұлттық стандарттың 64%-ын отандық тауар өндірушілер қолданады. Сонымен қоса 122 ұйым 400 астам халықаралық стандарттарды тікелей қолданады.
«Отандық тауар өндірушілер үшін, нарықтарды кеңейтуде экспорттық елдердің талаптарына сәйкес, стандарттарды бейімдеу бойынша шаралар да қабылдануда. Мысал ретінде, құрғақ бие сүтін өндірушінің қытайлық әріптестердің өтініші бойынша экспорттық жеткізілімдерді кеңейтетін, тиісті стандарт әзірленді. Қазақстандық халал сертификаттау органы, Біріккен Араб Әмірліктерінің аккредиттеу жүйесінде, аккредиттелді. Нәтижесінде қазақстандық 5 кәсіпорын, БАӘ нарығында мойындалған сертификаттар алды», — деді спикер.
Министр елімізде отандық өнімдерге арналған сөрелерді қамтамасыз етудің, альтернативті механизмі де қарастырылғанын айтты. Бұл механизм арқылы мемлекеттік қолдау алған сауда нысандары, отандық азық-түлік тауарларын сөрелерде кемінде 50%-ға, ал отандық азық-түлік емес тауарларын кемінде 20%-ға орналастыруға міндеттейді.
Министрлік жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі мәселелерді іске асыруды ұсыныуда:
1) Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі жоғары вольтты жабдықтардың, көмірдің қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық техрегламенттерді әзірлеуді аяқтау;
2) Салалық мемлекеттік органдардың (Ауыл шаруашылығы, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және тағы басқа министрліктердің) ведомстволық зертханаларының сынақ базасын дамыту;
3) Қауіпті автокөліктерді әкелуге ведомствоаралық бақылауды күшейту (Сауда, Қаржы, Ішкі істер, Құрылыс және өнеркәсіп министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі);
4) Аккредиттеу субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды Кәсіпкерлік кодексінен алып, ерекше тәртіп орнату;
5) Ахуалдық штаб шеңберінде, маусымдық өнімдердің жеткізудің және нарық конъюнктурасының өзгерістерін ескере отырып, тауарлардың санаттары бойынша сырттан әкелуге тыйым салу шараларын енгізу;
6) Өлшем құралдарының бірыңғай тізбесін қалыптастыру;
7) Астана қаласында заманауи эталондық база құру;
8) ҚР Парламентінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған түзетулерді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін жетілдіруді қамтамасыз ету.
#ҚР Сауда және интеграция министрлігі #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу