ҚР Үкіметінің селекторлық отырысы онлайн-таратылым режімінде өтеді

Бүгін, 10 тамызда,  Үкімет Үйінде, сағат 15:00де, Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысы өтеді.

Отырыста «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы, сондай-ақ астық жинау жұмыстарына дайындық талқыланады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын pm.kz сайтынан көріңіздер.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу