Соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша ХӘОТ үшін 2,5 мың жалға берілетін пәтер сатып алынды – ҚР ӨҚМ

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2023 жылдың қорытындысы бойынша мен биылғы жылдың соңғы сегіз айында құрылыс саласында қол жеткізілген оң нәтижелер туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2023 жылы республика бойынша 17,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 157 мың тұрғын үй салынды. Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар есебінен 21,4 мың пәтер салынып, 7,3 мың жеңілдікті займдар берілді.

«Ағымдағы жылы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес 2024 жылы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша шараларын енгізе отырып, 18 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 170 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр», — деді Бақытжан Жүнісбеков. 

Мемлекеттік қолдау есебінен биыл:

- Қазақстан тұрғын үй компаниясының әкімдіктерге облигациялық несиелер беруі есебінен кредиттік тұрғын үйдің 16,7 мың пәтерін салу;

- республикалық бюджет есебінен 22,2 мың пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйді және сатып алу құқығымен «Самұрық-Қазына» желісі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жоспарлануда.

8 айдың қорытындысы бойынша:

- ХӘОТ үшін 2,5 мың жалға берілетін пәтер сатып алынды;

- ЖАО кезекте тұрғандар үшін 5 мың кредиттік пәтер салынды;

- кредиттік тұрғын үйді сатып алуға 7 мың займ берілді.

Еліміз бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 648 мыңнан астам адам тұр.

Оның ішінде:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 26;

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 61 618;

Көп балалы аналар, көп балалы отбасылар - 130 167;

Халықтың әлеуметтік осал топтары - 254 471;

Бюджеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер - 198 205;

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР азаматтары - 3 812.

Бүгінгі күні кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

1. Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй кезектілік тәртібімен жалға беріледі.

Бұл ретте, жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20% -ы сатып алу құқығынсыз жетім балалар мен көп балалы отбасыларға беріледі.

Өткен жылы аталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кезекте тұрған 9 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы сегіз айда 6 737 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2. Жалдау ақысын субсидиялау

2022 жылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50% -ы субсидияланады:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

4) көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам отбасы субсидия алуды жалғастыруда.

3. Тұрғын үй сертификаттары

Бұдан басқа, мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарын береді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд теңгенің сомасында екі мыңнан астам тұрғын үй сертификаттары берілді.

Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысына сәйкес 1,3 млрд. теңгеден астам сомаға 1136 сертификат берілді. Берілген сертификаттардың жартысына жуығы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үшеуіне тиесілі.

4. Жеңілдікті кредит беру

Сондай-ақ, кезекте тұрғандарға 2% және 5% мөлшерлемесі бойынша жеңілдікті займдар беріледі.

2% мөлшерлемесі бойынша займ кезекте тұрғандардың төрт санатына беріледі, бұлар:

- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- жетім балалар.

Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жылдық 2 %-бен 3 232 жеңілдетілген займ берілді. Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысына сәйкес тұрғын үй сатып алуға 2 213 займ берілді.

Сонымен қатар өткен жылы 5% мөлшерлеме бойынша 4 062 займ берілді.

Ағымдағы жылы 5% мөлшерлеме бойынша 3 091 займ берілді.

Аталған жеңілдікті қарыздар халыққа «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс банкі арқылы беріледі.

Қосымша, ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7%, азаматтардың қалған санаттары үшін 9% пайыздық мөлшерлемемен «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Аталған бағдарлама бойынша 12 мыңнан астам азамат өтініш берді, оның ішінде 1 888 кезекте тұрғандарға займ берілді, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін 12 мың адам жеңілдетілген займмен қамтылады.

Тұтастай алғанда, жыл сайын 2029 жылға дейін 10 мыңға жуық кезекте тұрғандарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

5. Заң жобасы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы жатыр, онда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз бұрын берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру бөлігінде түзетулер қолдау тапты.

Бұдан басқа, заң жобасы шеңберінде депутаттар азаматтардың сегіз санатына тұрғын үй алуға бірінші кезектегі құқық беруді ұсынды.

Қосымша:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

6) көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

7) жетім балалар

8) жесірлер

Отбасы Банкі, заң жобасы шеңберінде ұлттық даму институты болып қайта құрылады, оның негізгі міндеті республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту болып табылады.

«Әкімдіктерден кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын Отбасы Банкіне берілетін болады. Кезекте тұрғандарды сатып алу және салу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету әкімдіктердің еншісінде қалады. Ұсынылып отырған түзетулермен тұрғын үйді бөлу есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылатын болады», — деп түйіндеді баяндамасын Бақытжан Жүнісбеков.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу