Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Соңғы аптада КВИ анықталған аурулар саны 1,3 есе азайды — А. Цой

Бейсенбі, 10 Маусым 2021, 10:39:00

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында COVID-19 ауруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәселе қаралды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады.

Министрліктің мәліметі бойынша бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 174 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 350 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3,7 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші –  2,1%.

«Әлемдік рейтингке сәйкес Қазақстан 221 елдің ішінде сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105 орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 111-ші орынға ауысты», — деді А. Цой.

Қазақстанда 10 маусымға CОVID-19-дың оң нәтижесімен 397 976 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 55 999  жағдай тіркелді. Қазақстан 6 маусымнан бастап жасыл аймақта тұр. Қызыл аймақта тек қана Нұр-Сұлтан қаласы қалды.

Сары аймақта 6 өңір бар, олар: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары. Бүгінгі күнге жасыл аймақта10 өңір тұр.

«Жалпы республикада коронавирус инфекциясының төмендеуі жалғасуда. Соңғы аптада өткен екі аптамен салыстырғанда КВИ жағдайларының саны 11 мыңнан 8 мыңға дейін 1,3 есеге төмендеді», — деді денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, мамыр айындағы жағдаймен салыстырғанда сырқаттанушылық 2,1 есеге төмендеді.

Ағымдағы жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың бос болмауы 24%, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 21% құрайды. Мамыр айында сәуірмен салыстырғанда инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы тиісінше 1,9 және 1,5 есе төмендеді.

«Инфекциялық төсек-орындардың бос болмауының төмендеуі барлық аймақтарда байқалады, оның ішінен Алматы қаласында – 4 есеге, Ақтөбе облысында 3 есеге, Алматы облысында 2,5 есеге, Түркістан және Қызылорда, Жамбыл облыстарда 2 есеге төмендеді», — деді А. Цой.

Осылайша, министрдің айтуынша, соңғы айда ем қабылдап жатқан науқастар санының 20 мыңға немесе 2 есе азайғаны байқалады.

Министр баяндамасында халықты вакциналау мәселесіне ерекше назар аударды.

Бүгінгі күні вакцинаның 3,6 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 371 178 адам егілді, бұл тиісті халықтың 24%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 264 247 адам қамтылды.

«Егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 1,2 млн доза, екінші компоненттің 835 мың доза вакцина бар. Вакцинаның жеткізілуі одан әрі жалғасуда», — деді А. Цой.

Тұрғындарды белсенді вакциналау және санитарлық шараларды сақтау аурудың деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жағдай министрліктің бақылауында.

Министр бүгінгі күні республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалып отырғанын айтты, республика сары аймақтан жасыл аймаққа көшті, сырқаттану болжамның оптимистік сценарийі бойынша дамып жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жалпы елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. 1 мамырдан бері тәулік сайынғы коронавируспен ауру жағдайлары 0,91%-дан 0,29%-ға дейін төмендеген.

«Бұған қабылданып жатқан кешенді шаралар, оның ішінде халықты вакцинациялау оң ықпал етуде. Өңірлер вакцинамен толық қамтамасыз етілген. Республика бойынша күн сайын 68 мыңнан аса адам вакцина алуда, оның ішінде 1-ші компонентті 44 мың адам алды», — деді Е. Тоғжанов.

Алайда, оның айтуынша, барлық өңірлер, оның ішінде әсіресе, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан қаласы бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет.

«Қазіргі күні медицина қызметкерлері (98%), құқық қорғау органдары (88%) толықтай дерлік вакцина алды. Дегенмен, педагогтер (68%) мен студенттерді (14%), созылмалы аурулармен ауыратын адамдарды (5,1%), өндіріс орындары еңбеккерлерін (21%) қамту деңгейін арттыру қажет», — деп нақтылады ол.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары «Ashyq» жобасына қатысты туындап отырған мәселені қозғады. 

Оның айтуынша, бүгінде жобаға жалпы 9,5 мыңнан аса кәсіпкер қатысуда, 2,1 млн қолданушы қамтылған. 

«Алайда бүгінде «Ashyq» жобасына қатысушылардың саны Солтүстік Қазақстан (108), Қызылорда (149), Маңғыстау (241) облыстарында төмен деңгейде. Өткен аптада жобаға Павлодар облысында 18 жаңа қатысушы қосылса, Маңғыстауда бірде-бір жаңа кәсіпкер жобаға енгізілмеген. Осымен қатар, «Ashyq» жобасына қосылғанымен оны іс жүзінде қолданбау фактілері тіркелуде», — деді Е. Тоғжанов.

Е. Тоғжановтың айтуынша, 21 мамырдан бастап жобаның 633 қатысушысы «Ashyq» қосымшасы арқылы келушілердің иммундық статусын бірде бір рет тексермеген. Яғни, бизнес өкілдері жобаға қосылу арқылы қалыпты жағдайда жұмыс жасағанымен, тиісті талаптарды сақтамай отыр.

«Осыған байланысты ведомствоаралық комиссияның шешімімен бұл кәсіпкерлер 2 аптаға жобадан шығарылды», — деді вице-премьер.  

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары айтылғандардың негізінде өңір әкімдіктеріне келесі тапсырмаларды беруді нақтылады:

  • өңірлер халықты вакциналау қарқынын арттыруы бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарды әкімдер жеке бақылауына алуы тиіс;
  • бизнес субъектілерін «Ashyq» жобасына тартуды күшейту қажет;
  • «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Ashyq» жобасына қосылған кәсіпкерлер арасында қабылданған талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет; 
  • кәсіпкерлік субъектілері тарапынан қызметін заңсыз жүргізуді болдырмау мақсатында мониторинг топтарының жұмысын күшейту қажет.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов елімізде сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуімен бірге халықтың вакцина алудағы белсенділігі де төмендейтінін айтты.

«Сондықтан жергілікті атқарушы органдар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруы тиіс», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.