10 Мамыр 2017, 12:47
Ертең, сағат 12:00-де, Үкімет үйінде «ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының 2017 жылдың 4 айында іске асырылу барысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктерінің басшылары сөз сөйлейді.
Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен қараңыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу