04 Мамыр 2017, 05:28
Ертең, сағат 11:00-де, Үкімет үйінде «ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 2017 жылдың алғашқы 4 айында іске асырылу барысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сөз сөйлейді.
Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен қараңыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу