23 Қараша 2017, 12:52
Ертең, 24 қарашада, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» аясында өткізілген мәдени шаралардың қорытындысы туралы брифинг өтеді.
Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Астана опера театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Әлпиев шара спикерлері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу