08 Ақпан 2017, 06:57
Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.
Конференцияға спикер ретінде ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Ислам Әбішев, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Тұрсын Қабдолданов, стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Әсел Рамазанова қатысады.
Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу