ҚР мен Испанияның сауда-экономикалық қатынастарының жайы Астанада К.Мәсімов пен Х.М.Гарсия-Маргальоның кездесуі барысында талқыланды
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елордаға ресми сапармен келген Испания Корольдігінің сыртқы істер және ынтымақтастығы министрінің міндетін атқарушы Хосе Мануэль Гарсия-Маргальомен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, инжиниринг, құрылыс саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын атап өтіп, екі елдің сауда-экономикалық қатынастары жайын талқылады.
Тараптар сондай-ақ құрылған Қазақстандық-Испандық Іскерлік Кеңестің екі жақты іскерлік әріптестікті жандандыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен Х.М.Гарсия-Маргальо мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге келісті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз