22 Ақпан 2017, 09:43
Ертең, сағат 11:30-да және 16:00-де, Үкімет үйінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруға байланысты баспасөз конференциялары өтеді.
Сағат 11:30-дағы баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министі Елжан Біртанов ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында «Дені сау ұлт – елдің бәсекеге қабілеттілігінің факторы» тақырыбында баяндама оқиды.
Сағат 16:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асыру аясында «Салық-бюджет саясаты. Мемлекеттің экономикадағы үлесін түбегейлі төмендету және бәсекелестікті дамыту» тақырыбында баяндама оқиды.
Баспасөз конференцияларының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу