Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады

Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020, 17:09:01

Дүйсенбі күні, 10 ақпанда Қордай ауданының Ауқатты ауылында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет комиссиясы Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе, Бұлан батыр ауылдарының ақсақалдарымен кездесу өткізді. 

Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ауыл ақсақалдары, беделді тұрғындар, ардагерлер кеңестерінің төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары қатысты. 

Кездесуде проблемалық мәселелерді шешу жолдары, қоғамда келісім мен бірлікті сақтау талқыланды. Ақсақалдар жастармен рухани тәрбие жұмыстарында кемшіліктер бар деген тоқтамға келді, осының салдарынан тұрмыстық кикілжің барша жұртқа жария болған оқиғаға айналды. 

Ақсақалдар аталған елді мекендерді қамтитын бірлескен Ақсақалдар кеңесін құру туралы келісімге келді. Бұл ауылдардағы тұрмыстық проблемаларды ауыл ақсақалдары ортақ Кеңесте шешетін болады. Олар жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізіп, Қордай ауданында тұратын барлық ұлттардың арасында бірлік рухын нығайту үшін бірлескен мәдени-спорттық сипаттағы ойын-сауық шараларын ұйымдастыру міндеттемелерін алды. 

«Біз бала кезден доспыз, бірге өстік, бірге жұмыс істедік, қайғыда да, тойда да бірге жүреміз. Жастар бір-бірімен араласуы керек, сонда олар бір-біріне жақындай түседі. Біз 11 ақпанда Сортөбеде бас қосуға келістік. Біз өз ақсақалдарымызды, олар өздерінің ақсақалдарын алып келеді. Алдағы уақытта қайталанбауы үшін туындаған барлық мәселелерді талқылаймыз», — деді қоғам қайраткері, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов.  

Масанчи ауылының тұрғыны Луу Исхар да қоғамда бірліктің сақталуына қатысты өз ойын жеткізді. 

«Үстел басында бас қосып, мәселеге нүкте қою үшін барлық құрметті ақсақалдар жиналады. Арғы күні Масанчиде мешітте бас қосамыз. Неліктен мешітте? Біз барлығымыз мұсылманбыз, достықты нығайтып, Құран оқып, осындай жағдайлар қайталанбауы үшін бата беру үшін мешітте жиналамыз. Жүз қырық жылдай бірге тату өмір сүріп жатырмыз, адамдық қасиеттері жоқтардың кесірінен осындай жағдай орын алды. Бұл біз үшін өте айыпты жағдай болды. Біз бұл мәселелердің барлығын шешуге тырысамыз», —  деді ол.

Осы ауданнан шыққан кәсіпкерлер туған өлкесін қалпына келтіру және дамыту үшін қаржылай және материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді. 

«Мені туған ауылымның жағдайы аса толғандырады. Мен мұнда балабақша, спорт кешенін салдым. Қазір сауықтыру орталығын салып жатырмын. Бизнесмендерді өздерінің туған ауылдарын абаттандыруға шақырамын. Өкінішке орай, бұл бұрыннан бар мәселе. Ағартушылық жұмыстар жүргізіп, бірлескен мәдени-бұқаралық шаралар өткізіп, жергілікті халықтың басын біріктіру керек», — деді бизнесмен, Қаракемер ауылының тумасы Қайрат Молдасейітов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.