«KEGOK» АҚ акцияларына сұраныс жоғары деңгейде күтілуде - М.Сейдахметов
«Халықтық IPO» бағдарламасы аясындағы «KEGOC» АҚ акцияларына сұраныс жоғары болмақ, деп мәлімдеді бүгін бағдарламаға халықты тартуға арналған баспасөз конференциясында «Асыл Инвест» АҚ сату департаментінің директоры Мұхит Сейдахметов.
«Былтыр «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары сатылғанда да бір қолға 7 млн теңге шамасындағы акциялар берілген еді. Биыл да осыдан таймаймыз. Ат төбеліндей ғана ақшасы бар адамдар барлық акцияны сатып алмау, оған халықтың қатысуы үшін осындай шектеу қойып отырмыз», - дейді М.Сейдахметов.
Алты күннің 5-12 қарашаның қортындысы бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысуға халықтан 1156 өтінім келіп түсті, нәтижесінде акциялар саны жалпы 500 млн теңгеден астам сомаға 1,1 млн дананы құрады.
«Халықтық IPO» бағдарламасының өзі ақырғы мақсат емес екенін халықтың түсінуі керек. Бағдарламаның негізгі мақсаты елді қаржы саласында ағарту», - дейді Мұхит Сейдахметов.
Жалпы, оның айтуынша, халықтың бағдарламаға деген сенімі бұрынғы IPO-ларға қарағанда ерекшелікке ие. Бағдарлама бренді нығаюда. Бастапқыда бағдарламаға қызығушылықпен ғана келсе, қазіргі халық үлкен сеніммен мақсатты түрде келуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз