Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты алу құны 2 есеге төмендетілді – ҚР ҰКП
Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты алу құны 2 есеге төмендетілді және қазіргі таңда ол 3704 теңге тұрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары, Тауарлардың шығарылған жерін сертификаттау орталығы қадағалаушы кеңесінің төрағасы Нұржан Әлтаевқа сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты алу құны 4-тен 2 АЕК-ке дейін төмендетіліп, ендігі кезде ол 3704 теңгені құрап отыр», - делінген хабарламада.
Тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың құнын төмендету туралы шешімді Ұлттық палата басқармасы осы жылдың 15 қыркүйегінде ШОБ субъектілерінің шығындарын қысқарту мақсатында кәсіпкерлер мүддесінде қабылдаған болатын.
Нұржан Әлтаевтың айтуынша, ҰКП сондай-ақ, сараптама жүргізу бойынша қызметтерді өз жауапкершілігіне алуды көздеп отыр, бұл да кәсіпкерлердің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
«Бүгінгі күні тауардың шығарылған жерінің сараптамасын жекеменшік сараптау ұйымдары жүргізуде, сертификаттарды рәсімдеуге кететін шығынның негізгі бөлігін солардың қызметі құрайды. Осы орайда, егер тауардың шығарылған жерінің сараптамасын жүргізу Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілсе,онда сертификаттарды беру тегін жүзеге асатын болады», - деп атап өтті Нұржан Әлтаев.
Тауарлардың шығарылған жерін сараптамадан өткізу бойынша міндеттерді ҰКП-ға беру туралы ұсыныс қазіргі кезде талқылануда, әзірге нақты шешім қабылданған жоқ», - деп қоса айтты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы тауардың шығарылған жерін сертификаттау орталығының директоры Нұржамал Сұлтанова. Оның айтуынша, егер осындай шешім қабылданса, бизнесмендер тауардың шығарылған жері туралы сертификатты Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз