Астаналық кәсіпкерлер Палатасы шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау картасын жасауды ұсынады

Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасы ШОБ дамытуды қолдау Картасын жасау туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды ұйымда.

«ҒӨК Президумының Төрағасы кәсіпкерлер Конференциясында Астана қаласында кіші және орта бизнесті дамыту Картасын жасау туралы сұрақты көтерді, оның міндеті кәсіпкерлерге бизнес жоспарлар жасауға көмектесу, оларға кадр жағынан көмек көрсету, жобаларын қаржыландырумен іске қосуды ұйымдастыруға көмектесу болып табылады», - деді кәсіпкерлер Палатасының директоры Мейірбек Мәжитов Астана әкімшілігімен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және бірігіп әрекет ету туралы меморандумға қол қою кезінде.

Оның айтуы бойынша, бұл жобаны кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Яғни, алдымен жаңа кәсіпорындардықұру бойынша қолдау көрсету шараларын одан әрі жетілдіруді күшейту мәселесін үйлестіру қажет.

«Осылайша жобаны барлық кезеңде инвестициялық өтінім жасау сәтінен бастап оны іске қосқанға және өнім шығарғанға дейінгі орындау үрдісін үйлестіру жүзеге асырылатын болады. Иманғали Нұрғалиұлы, сіздің көмегіңіздің арқасында астана үшін маңызы зор біршама әлеуметтік және экономикалық маңызды жобаларды жүзеге асыруға болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті палата төрағасы.

Бұдан басқа М.Мәжитов ШОБ дамытуды аймақтық дамыту картасына әлеуетті кәсіпкерлік жобаларды да енгізуді ұсынды. Осылайша, сұрыптаудан өткен жобалар қаржылай және қаржылай емес көмектерді алуға үміткер бола алады. Сонымен қатар, рұқсат алу рәсімдерін өту Астана қаласы Әкімшілігі мен кәсіпкерлер палатасының мүмкіндіктерін біріктіре отырып, жүзеге асырылатын болады.

12 қыркүйек күні Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасымен Астана қаласының әкімдігі арасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық және бірігіп әрекет ету туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты Астана қаласының кәсіпкерлігін дамыту үшін билік пен бизнес арасындағы тиімді қалыптасқан диалогтық алаңды ұйымдастыру жолымен, институционалдық негізін құру бойынша бірлесіп және өзара келісіп әрекет ету болып табылады.
«Біздің арамызда әуел бастан-ақ кәсіпкерлердің Ұлттық палатасын құрған сәттен бастап, өте жақсы байланыс орнады. Көптеген шаралар өткізіліп жатыр. Таяуда ғана стартап-форум өткізіліп, оған 1,2 мың кәсіпкерлер қатысты, 3 мыңдай екіжақты кездесулер, 12 бизнес-тренингтер мен әртүрлі семинарлар көрмелер өткізілді. Бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы импульс болады», - деп айтып өтті Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Меморандум аясында бизнес өкілдерін қолдау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде жалпы санының кемінде, 50%-дан тұратын өңірлік деңгейдегі сабағаттық-кеңесші органдары құрамына қатысу қарастырылған. 

«Бүгінде мемлекет ШОБ-ты қолдау үшін көптеген шаралар жасауда. Бірақ, көбінесе, осындай қолдау көрсетумемлекеттік органдар және дамыту институттары арасында келісілмеген. 

Бұл кезде, осындай қолдау көрсету мемлекеттік органдар және дамыту институттары арасында жиі кезде келістірілмеген. Бизнес үшін АҮК-де несиені субсидиялау мақұлданып, ал басқа жағынан, нысанды салуға оған бас тартқан жағдайлар туындайтын мәселелер кездеседі», - деп мәлімдеді Палата директоры.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу