2019 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР әуежайларында 11 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетілді

PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов отандық азаматтық авиацияны дамыту туралы айтып берді.

А. Әлжановтың айтуынша, азаматтық авиацияда саланың негізгі көрсеткіштерінің — әуежайларда қызмет көрсетілетін жолаушылар мен тасымалданған жолаушылар санының тұрақты өсуі байқалады.

«Біз отандық әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша 24%-ға жуық өсімді байқап отырмыз. Мысалы, 2013 жылы 12 млн жолаушы болса, өткен жылы біздің әуежайларымыз 15 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Биылғы жылдың 8 айында ҚР әуежайларындағы қызмет көрсетілген жолаушылар саны 11 млн 800 мың жолаушыны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш», — деді Комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша тасымалданған жолаушылар саны 1,3 есеге ұлғайды. Осы жылдың 8 айында тасымалданған жолаушылардың жалпы саны 5,6 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8%-ға артық. А. Әлжановтың айтуынша, өсім жаңа бағыттардың ашылуымен және жаңа әуе компанияларының іске қосылуымен байланысты.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын орындау аясында транзиттік авиажолаушылар саны 2018 жылы 900 мың адамды құрады, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 45%-ға жоғары. 2019 жылдың 8 айында транзиттік әуе жолаушыларының саны 642 мың адамды құрады. Алдын ала болжам бойынша транзиттік әуе жолаушыларының саны 1,6 млн адамды құрайды.

Сонымен қатар, 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жобасында жергілікті әуе желілеріндегі 16 аэродромның құрылысы/реконструкциясы қарастырылған (Павлодар облысы – Баянауыл, ШҚО – Үржар, Зайсан, Үлкен Нарын, Алматы облысы – Үшарал, БҚО – Жәнібек, Сайхин, Казталовка, Атырау облысы – Құлсары, Миялы, Сүйіндік, Қарағанды облысы – Қарқаралы, Ұлытау, Түркістан облысы – Сарыағаш, Қостанай облысы – Арқалық, Ақтөбе облысы – Шалқар).

А. Әлжанов соңғы бірнеше жылда нормативтік-құқықтық базаны құру және кеңейту мәселелері бойынша, сондай-ақ рейстерді қалпына келтіру, ашу, оның ішінде басымдықты бағыттар бойынша ашу үшін 30-дан астам елмен келіссөздер жүргізңлгенін атап өтті.

Биыл тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен бірқатар шетелдік әуе компанияларына хаттар жіберілді. Мәселен, «American Airlines», «United Airlines», «Delta Air Lines» (Америка Құрама Штаттары), «Cathay Pacific» (Гонконг), «Alitalia» (Италия), «Iberia» (Испания) және KLM (Нидерланды) компанияларының адрестеріне тиісті ұсыныстар жөнелтілді.

Азаматтық авиация комитеті 2019 жылғы 15-17 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Routes Silk Road – 2019 форумы аясында жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізді. Форумды өткізу аясында Қытайдың аса ісі әуе компаниясы — China Eastern Airlines әуе компаниясымен, сондай-ақ қытайлық Urumqi Airlines бюджетті әуе компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу