Т. Дүйсенова дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

2023 жылғы 24 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен, теологтармен мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. 

Кездесу барысында еліміздегі қазіргі діни ахуал, конфессияаралық келісімді нығайту бойынша алдағы шараларды қабылдау, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді шешу жолдары қарастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша Т. Дүйсенова мемлекеттік органдарға барлық ұсыныстарды қарауды және оларды жұмыс барысында қолдануды тапсырды.

#Азаматтық қоғам #Мәдениет

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу