Т. Рифаи: Қазақстанда туристік саласы дамыған елге айналуға барлық мүмкіндіктер бар

Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Т. Рифаи ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстанның туристік саласын дамыту бойынша ұсынымдар берді.

Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Т. Рифаидің бағалауынша, Қазақстанда туристік саласы дамыған елге айналуға жақсы әлеует бар. Ол үшін виза саясатын жетілдіруді, туристік саладағы заңнаманы ырықтандыруды жалғастыру және елдік брендті ілгерілету шараларын қолдану қажет.

Өңірлерде туризмді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысы және Алматы қаласының әкімдері Д. Ахметов, Ж. Түймебаев, Қ. Көшербаев және Б. Байбек баяндама жасады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу