Тамара Дүйсенова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, бұған дейін Т. Дүйсенова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қайта ұйымдастырылған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін басқарған болатын.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу