26 Қыркүйек 2024, 17:30
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауыда азаматтарды онлайн қабылдады.
Кездесу барысында әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамту, Семей ядролық полигоны аймағында тұратын азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде мәселелер көтерілді. Сондай-ақ сот актілеріне қатысты сұрақтар да қойылды.
Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, қойылған сауалдарға жауап берді. Вице-премьер әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып шешу қажеттігіне назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.
#Президенттің тапсырмасы #Тамара ДүйсеноваҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу