Тамара Дүйсенова тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өткізді

2023 жылғы 16 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты. 

Кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының іс-шаралар жоспарының қайта қарау жобасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда күшейту, сондай-ақ
2023-2024 жылдарға арналған отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша
5 жүйелі бағыт қарастырылды. 

Олар:

1. Профилактикалық шаралар (қиын жағдайға тап болған отбасы мен адамдарды анықтау, олардың алғашқы оңалту шаралары);

2. Инфрақұрылымды кеңейту: қайталама, үшінші реттік оңалту, реинтеграция;

3. Мамандармен қамтамасыз ету;

4. Заңнама;

5. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 

Жиналыс қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдарға бір апта ішінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын қайта пысықтауды тапсырды. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарлануда.

#Балалардың құқығын қорғау

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу