«Қорғас» ХШЫО-дағы кедендік төлемдер 30%-ға артты - ҚР Қаржы министрлігі
«Қорғас» ХШЫО кедендік төлемдер төлеу сомасы ағымдағы жылдың сәуір айында 17 млн теңгені құрап, наурыз айымен салыстырғанда 30%-дан астамға артты, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.
«Бюджетке түсетін төлемдер саны шекарадан өтетін тұлғалар санының қысқарғанына қарамастан 11 млн-нан бастап 17 млн теңгеге дейін артты», - деді Д.Ерғожин.
Сонымен қатар, ол «Қорғас» қызметі аймағында өтетін тұлғалар саны төмендетілгенін айтып өтті.
«Біз ары-бері өтетін адамдар санын төмендеттік. Ол жаққа жүк тасымалдаушылар өтіп, жүздеген келі тауарды бері алып келетін. Ол тіпті бөтеннің мүлкі. Яғни, мұны контрабандалық десек те болады. Олар жүкті әкеліп бергендері үшін сыйақы алып отырған», - деп нақтылады ол.
Сонымен, оның айтуынша, «Қорғас» ХШЫО арқылы шекарадан өткен тұлғалар саны ағымдағы жылдың маусымында сәуір айымен салыстырғанда 20% астамға төмендеді.
«Алдын алу шаралары қолға алынғанға дейін сәуір айында «Қорғас» шекарасын шамамен 110 мың адам кесіп өтсе, 2015 жылдың маусым айында олардың саны 74 мыңға дейін төмендеген», - деп атап өтті ол.
Дәулет Ерғожин, бизнес-ахуалды жақсарту бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізіп отырған барлық реформа ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделгенін және бизнес-қоғамдастығымен келісілетінін атап көрсетті. Сөз барысында, Комитеттің Экономикалық тергеу қызметі уәкілетті органдармен, оның ішінде Қаржы мониторингі комитетімен күмәнді қаржылық операциялар бойынша ақпарат алмасу мен өзара іс-қимылды қолға алғаны аталды. Ведомстволық деректер базасына қолжетімділік белгіленді және алынды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз