09 Қыркүйек 2025, 19:16

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет отырысында туризмді дамыту және бұқаралық спортты қолдау шаралары қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Министрдің айтуынша, Президент атап өткен курорттық аймақтардағы кемшіліктерді жою үшін оларды дамытуға арналған Жол картасының жобасы әзірленді. Бұдан бөлек, шетелдік туристерді тарту мақсатында Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспар жасалды. Негізгі жоба ретінде «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағайды» біріктіретін бірыңғай тау-шаңғы жүйесін құру көзделіп отыр.
Заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әкімдіктерге ұлттық парктер аумақтарында туристік инфрақұрылым салу құқығы берілді, сондай-ақ фермерлерге ауыл шаруашылығы жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қосымша шаралардың қатарында қонақ үйлерге жұлдыз беру жүйесін жаңғырту және шекарада туристік автобустар үшін «жасыл дәліздер» енгізу бар.
Ербол Мырзабосынов бүгінде 8,4 млн қазақстандық (халықтың 41,4%-ы) жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады деп мәлімдеді. Мақсат – бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50%-ға жеткізу. Ол үшін елімізде жыл сайын 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, инфрақұрылым қарқынды дамуда: биыл жыл соңына дейін шамамен 70 спорт нысанының құрылысы аяқталады.
Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жалпы құны 33,2 млрд теңге болатын төрт ірі нысанның құрылысы басталды. Олардың қатарында Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадион және Көкшетаудағы көпфункционалды кешен бар.
Заңнамаға кәсіби клубтарды бюджет есебінен ұстауға шектеу қоятын және ҚР азаматтығы жоқ спортшыларды қаржыландыруды тыйым салатын түзетулер енгізілді.
Министрлік кәсіби футболға бизнесті тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда төрт клуб бойынша инвесторлармен алдын ала келіссөздер өтті:
2025-2030 жылдарға арналған футболды дамыту стратегиясының жобасы әзірленді. Ол инфрақұрылымды жаңартуға және клубтарды жеке қаржыландыруға көшіруге бағытталған.
#Спорт #Туризм #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу