Үкіметте 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік орган және өңірлердегі атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Жиынға қатысушылар үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша депутаттардың ұсынған түзетулерін талқылады.

Кеңес барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдарға Үкіметпен келісілген ұстанымдарды депутаттық корпуспен пысықтау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Парламент Мәжілісінде «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша салыстырмалы кесте құрылып, күн сайын депутаттардан ұсыныстар түсуіне қарай жаңартылып отырады.

#Ерұлан Жамаубаев #Заң жобалары #Республикалық бюджет

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу