Үкіметте Air Astana әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Эйр Астана» АҚ акцияларының бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру жоспарлары талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия «Эйр Астана» АҚ-ны IPO-ға шығаруға қатысты ұсынылған тәсілдерді, мерзімдер мен құрылымын қолдады, бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі акциялар пакетінің мөлшерін «Эйр Астана» АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 51%-дан аз деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.

«Эйр Астана» АҚ IPO-сын өткізу Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жоспарланып отыр.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #IPO #Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу