14 Қыркүйек 2026, 20:38
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының денсаулық сақтау, оқу-ағарту, туризм және спорт салалары жөнінде берілген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың есептері тыңдалды.
Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, азаматтарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және туризмнің ел экономикасындағы үлесін ұлғайту мәселелеріне тоқталды.
Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарға кешенді талдау жүргізу, оларды сапалы әрі уақтылы пайдалануға беру қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу